Атырау өңіріндегі Жайықпен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде-ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды, мұнайды сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ.
Атырау өңірін алғашқы зерттеушілердің бірі — Н.А.Северцов. Ол 1860 жылы «Горный» журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда «Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен» — деп жазады. 1911 жылы сәуірдің 29 күні 225 метр тереңдіктен мұнай фонтаны атқылады. Ол 20-25 метр биіктікке 30 сағат бойы атқылап тұрды. 16,7 мың тонна мұнай шықты, тәулігіне 13360 тонна. Қарашүңгіл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі тарихы басталды.
Мақат — Атыраудың үшінші мұнайлы перзенті. Ол 1915 жылы ашылды. Бірақ екі кеніш тағылық жағдайында пайдаланылды. Кен орындарының геологиялық құрылымы, оны нендей тәсілмен өндірудің тиімділігі жайлы мәлімет жетіспеді. Тек фонтан атқызуға сеніп бұрғыланды. Бір қабаттың мұнайы түгел алынбастан екіншісін бұрғылауға ұмтылысты. Қабаттар мерзімінен бұрын жарамсыз болып, су алып, газданды. Оған мысал 1911 жылы Доссорда 16,7 мың тонна мұнай өндірілсе, бар болғаны 3 жылдың ішінде ол 17 есеге, яғни 272,746 тоннаға жетті.
Мұнайдан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар.
Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде:
· «Шеврон-Тексако» (Теңіз)
· ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ)
· Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл).
Мұнайды өндіру баррельмен есептеледі. Бір баррель 159 литрді құрайды (нақтырақ 158,988мл). Қазақстан әлем бойынша мұнай өнеркәсібі жағынан ондыққа кіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Билл Гейтс
- Билл Гейтс
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі