Өлең, жыр, ақындар

Ұлттық құраманың жаңа кезеңі: Әли Әлиевпен жаңа бастама

      Бүгін түнде біздің жігіттер жасыл алаңға қайта оралады. Бұл матч — 2026 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің 1-турындағы J тобында Уэльс құрамасына қарсы тартысты ойын болмақ.

Ұлттар лигасындағы сәтсіздіктен кейін Ұлттық құрамада бірқатар өзгерістер орын алды. Бұған дейін құраманы басқарған Станислав Саламұлы қызметінен босатылып, оның орнына қазақстандық маман Әли Әлиев тағайындалды. Сонымен қатар, құрама сапына 16 жасар Дастан Сәтбаев қосылды, ал Георгий Жуков үш жылдық үзілістен кейін ұлттық құрамаға қайта оралды.

Алайда құраманың негізгі ойыншыларының бірі, Түркияның “Бешікташ” клубында өнер көрсететін Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты алғашқы екі матчта алаңға шыға алмайды. Дегенмен, біз ұлттық құраманың жеңісіне сенеміз! Сәттілік, жігіттер!

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Маратұлы Димаш


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз