Сабырға шақырады, ойды жинақтауға жәрдем етеді. Бұл түс кіршіксіз аспан мен тұнық теңіз түсі болғандықтан да дұрыс ойлап, нақты, жедел шешім шығаруға жәрдемдесе алады. Бұл түсті ұнатып, жақсы көретін адамдардың мінез-құлқы әрдайым тепе-теңдікте болады. Бірақ, сәтсіздікке ұшыраған жағдайда еңсесі түсіп, жүнжіп кетеді. Көк түсті ұнатпайтындар, негізінен, енжарлықты, тоқтап, тежеліп қалуды білмейтін, мазасыз алып-ұшпа болып келеді.
Қысым мен қорлықтан ада, кеңістік, азат өмірді бейнелейді. Сары түсті гүлдерді жұқпалы аурумен ауырғандарға және уайым шегіп жүргендерге берген жөн. Бұл түсті жақсы көретіндер өз жоспарын асырудан еш уақытта бас тартпай, болашақтан үміт үзбей, тәуелсіздікке ұмтылады. Ал сары түсті ұнатпайтындардың мінезінде ұстамдылық пен байсалдылық жете бермейді.
Өмірлік энергия түсі. Бұл түс — өмірге құштарлықтың белгісі. Бұл түс мидың белсенділігін арттырады, қандағы адреналинді көтеріп, күш - қуат беріп, адамның өмірге деген құлшынысын күшейтіп, ағзадағы қан айналым жүйесін жақсартады. Қызыл түсті таңдайтындар әдетте ашық мінезді, ойын еркін білдіретін, күшті, қайсар болып келеді. Сөзге жүйрік, ақылман да ділмар шешендерді қызыл тілді деп бекер айтпаған.
Адам ағзасындағы қажетті қан құрамындағы гемоглобинді қызыл талшық, медицина тіліндегі эритроцитті қазақтар қызыл түйіршік дейді.
Қызыл түсті жек көретіндер — кикілжің мен қиянат атаулыдан бойын аулақ салатын, мінезі орнықты адамдар. Мінезі ашық, әңгіменің тығынын ағытатын ашық мінезді адамдар қызғылт түсті ұнататын көрінеді. Бұл түс — адам күшін белсендендіреді деген түсінік қалыптасқан.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі