Баяғыда бір қу жігіт болыпты. Ол үнемі ел аралап қожа-молданы күлкі етіп, жарлы-жақыбайды жадыратып жүреді екен. Бір күні ел аралап келе жатқан әлгі қу жігіт бір науқас кемпірдің үйіне тап болған екен дейді.
Ауруынан қорыққан кемпір молла және балгер шақыртып, күнде бал аштырып, құмалақ салдырып отырады екен. Ал моллакең аңқау кемпірді алдап, Алла атынан ақы алып отырады. Мұны білген қу жігіт молланы бір қатыруды ойлайды да кемпірдің баласына шешесінің бір кезек киімін ұрлатып алдырады.
Жігіт, моллаға түнде келіп кемпірдің баласы болып:
— Апам қайтыс болды. Таңертең жаназасына келіңіз, – деп кетіп қалады. Молла ертемен келе жатса түнде «өлді» деген кемпір отыр. Ол моллаға тап беріп бақыра жөнеледі. Зәресі ұшқан молла иманын айтып тұра қашады. Кемпір тарсылдатып қуа береді. Оның қу жігіт екенін молла білмейді. Есі кіресілі-шығасылы болып әбден үрейі ұшқан молла әзер деп кемпірдің ауылына жетеді.
Артына қараса түк жоқ. Босап кеткен кісесі салбырап тұр. Аруақ қуды деп күні бойы қашқаны кісенің жанын соғып тарсылдағаны екен. Молла ентігін басып үйге кірсе әлгі кемпір алдында отыр. Шошынғаннан молланың тілі күрмеліп қалады. Баласы екеуі жабылып жүріп есін әзер жиғызады. Тілге келген молла асып-сасып кемпірге өзіңді жолда көрдім, түнде өлгенің қайда, аруағың анау жолда жүрген, өзің мынау тірі отырған, – дейді.
Кемпір мені өлтіріп дүниемді алғалы жүрсің деп ойбай сап, елді жиып, молланы ауылдан қуып жіберіпті. Ешнәрсенің байыбына бармай әбден шошыған дүмше ауылына барар жолдағы аруақтан шошып басқа жолмен кетіп әлі күнге дейін адасып жүрсе керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі