Қазақстандағы туризм түрлері
Тарихи-мәдени туризм
Отырар, Сауран қалашықтары
Түркістан қаласы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Алматы және Астана қалалары
Спорт туризмі
Шымбұлақ тау-шаңғы курорты
Тянь-Шань мен Алтай таулары
Табиғи туризм
Бурабай
Алтын-Емел ұлттық паркі
Көлсай мен Қайыңды көлдері
Шарын шатқалы
Статистика бойынша өткен жылғы қорытынды
Туризм министрлігінің ресми мәліметі бойынша, 2023 жылдың 9 айында елімізге 11,5 миллион шетелдік азамат келіп, пандемияға дейінгі көрсеткіштерден асып түсті. 2022 жылы бұл сан 4,7 миллион болса, 2023 жылы 9,2 миллионға жеткен.
2024 жыл – Қазақстан туризм индустриясы үшін бетбұрыс кезеңі болды. Маусым айында ел президенті мемлекеттік органдарды қатаң сынға алып, Қазақстанды туристік аймақ ретінде танымал ету шараларын күшейту қажеттігіне назар аударды. Осыдан кейін еліміздің халықаралық рейтингтердегі позициясы айтарлықтай жақсарды. 2024 жылы Қазақстан Дүниежүзілік туризмді дамыту индексінде 52-орынға көтерілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 28 орынға жоғарылағанын білдіреді.
Мемлекеттік стратегиялар мен жоспарлар
Қазақстан 2023–2029 жылдарға арналған Туризмді дамыту тұжырымдамасын қабылдады. Құжаттың негізгі мақсаты – туризмді ел экономикасының басым бағытына айналдыру. Жоспар бойынша, 2030 жылға дейін ішкі туристер санын 11 миллионға, ал шетелдік туристер санын 4 миллионға жеткізу көзделіп отыр.
Инфрақұрылым мен цифрлық технологиялар
Туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында жолдар салынып, әуежайлар жаңартылуда. Сонымен қатар, қонақ үйлер мен туристік нысандарды “eQonaq” ақпараттық жүйесіне қосу арқылы қызмет көрсету сапасын арттыру көзделген.
Болашақтағы Қазақстан туризмі
Қазақстанның кең байтақ табиғаты, көз тоймайтын әсем жерлері, тарихи қалалары мен ескерткіштері туризмді әрі қарай дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Мемлекеттік қолдау мен инвестициялар арқылы бұл салада елеулі серпіліс күтілуде. Нақты стратегиялар мен жоспарлар аясында туризм саласы елімізде одан әрі дамитынына сенім мол.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Дарменбай Зейнеп
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі