Өлең, жыр, ақындар

Энергетикалық сусындар

Қазіргі таңда энергетикалық сусындар қоғамда, әсіресе жастар арасында үлкен танымалдылыққа ие. Еліміздің әрбір дүкенінде Gorilla, Dizzy, Red Bull секілді сусындар ашықтан-ашық сатылуда. Бұл «сиқырлы» сусындар студенттерге, жүргізушілерге, тіпті мектеп оқушыларына ұйқы ашатын таптырмас құрал ретінде ұсынылады. Статистикаға сүйенсек, елімізде бұл сусындардың тәулігіне 30 мың литрі сатылады. Оның ішінде жасөспірімдердің 20,5 пайызы энергетикалық сусынды апта сайын тұтынатыны анықталған. Иә, энергетикалық сусындарды сату бойынша белгілі бір шектеулер қарастырылғанымен, оларды кез келген мектеп оқушысы оңай сатып ала алады. Бұл жағдай қоғамда тәуелділік туғызып, үлкен проблемаға айналып отыр.

Энергетикалық сусындардың құрамына кофеиннен бөлек, таурин, инозит, аминқышқылдары, рибоза және дәрумендер секілді микроэлементтер кіреді. Кофеин адам жүйке жүйесін әлсіретеді. Оның әсері 3–5 сағатқа дейін сақталады, содан кейін ағзаға демалыс қажет. Сонымен қатар, кофеинге адам тез әуестеніп кетеді.

Алкогольсіз энергетикалық сусынды тұтыну барысында оның мөлшері туралы білу маңызды. Тәуліктік мөлшерлеме — 2 құтыдан аспауы тиіс. Бұл шектен асып кетсе, жүрек ауруларына, тахикардияға және аяқ астынан болатын өлімге дейін алып келуі мүмкін. Себебі, энергетикалық сусындар жүрек қағысын жиілетіп жібереді. Соның салдарынан, 2009 жылдың қазан айында алғашқы өлім жағдайы тіркелген: Пенза қаласының студенті шамадан тыс тұтынған энергетикалық сусыннан көз жұмды.

Энергетикалық сусындар — құрамы мен ағзаға әсері жағынан күрделі өнім. Жеке реакцияларға немесе құрамдас бөліктерге төзімсіздік болмаған жағдайда, бір банка зиян тигізбеуі мүмкін. Алайда бұл сусындардың құрамы әртүрлі, әрі кейбір компоненттердің үйлесімі мен олардың арақатынасының ағзаға әсері толық зерттелмеген.

Бұл сусындардың құрамында тәттілендіргіштер, синтетикалық бояғыштар мен консерванттар болуы мүмкін. Мұндай компоненттерді қолдану арнайы техникалық регламенттермен реттеледі. Негізінен, бұл нормалар алкогольсіз газдалған сусындарға қойылатын талаптарға ұқсас.

 

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Әлімхан Темірбекұлы 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер