Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – қазіргі заманғы білім мен ғылым саласындағы жетекші оқу орны
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағының беделді жоғары оқу орны. 1934 жылы негізі қаланған бұл университет бүгінде сапалы білім мен ғылымды дамыту ісінде көш бастап келеді. Университеттің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған мамандар дайындау. Мен, Қолданбалы физика және электротехника мамандығының магистранты ретінде, осы оқу орнында білім алып жатқанымды үлкен мақтанышпен айта аламын.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ соңғы жылдары халықаралық деңгейде де жоғары жетістіктерге жетуде. Университет QS World University Rankings рейтингісі бойынша әлемнің үздік 200 университетінің қатарына енді. Бұл – университеттің жахандық білім беру кеңістігіндегі орнының нығайып келе жатқанын дәлелдейді.Тағы бір маңызды жетістік – «Al-Farabi Smart City» жобасының жүзеге асуы. Бұл жоба университеттің заманауи әрі экологиялық тиімді инфрақұрылымға көшкенін көрсетеді. Смарт технологиялар мен жасыл энергетика элементтері студенттерге қолайлы әрі креативті орта қалыптастырып отыр.ҚазҰУ-да білім алу – тек оқулықпен шектелмейді. Мұнда әр студенттің қабілетін дамытуға арналған көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Ғылыми жобалар, зертханалық жұмыстар, стартаптар мен халықаралық бағдарламалар – осының бәрі студенттердің кәсіби тұрғыда шыңдалуына жол ашады.Менің мамандығым – қолданбалы физика мен электротехника – қазіргі заман талабына сай, сұранысы жоғары сала. Университетіміздің зертханалары мен профессорлық-оқытушылық құрамы бізге теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды игеруге толық мүмкіндік береді.Жақында бізде Көшбасшылық психологиясы пәні бойынша ерекше бір сабақ өтті. Бұл сабақта біз түрлі көшбасшылық модельдерін талқылап қана қоймай, топпен жұмыс істеуді, шешім қабылдауды, команда ішіндегі рөлдерді бөлуді үйрендік. Ең есте қалғаны – ойын түріндегі қызықты іс-шара болды. Студенттер белсенді қатысып, бір-бірімен жақын танысып, сергіп қалды. Бұл тәжірибе бізге өз қабілетімізді жаңаша көруге және өзіндік сенімділікті арттыруға ықпал етті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – тек білім ордасы ғана емес, болашақ көшбасшыларды тәрбиелейтін рухани орта. Университеттің жетістіктері, инновациялық жобалары және заманауи оқыту әдістері бізді үлкен мақсаттарға жетелеуде. Магистрант ретінде мен осы университеттің бір бөлігі болғаныма қуаныштымын. ҚазҰУ – әр студентке шабыт беретін, дамуға жол ашатын, еліміздің болашағын қалыптастыратын үлкен мектеп. Бұл оқу орнында алған білімім – менің өмірлік капиталым.
Тленчиева Н. С.
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
мұрат қарлығаш
7M07134- «Қолданбалы физика және электро инженериясы » мамандығының 1 – курс магистранты
Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
- Тлеуғабыл Шырайлым
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі