Жетім балаларды кәсіпкерлікке баулу: “Шаңырақ” әлеуметтік кәсіпорнының тәжірбиесі мен үлгісі. Балалар үйлерінің түлектеріне қолдау көрсету - қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі.
Жетім балалар өз бетінше өмір сүруге дайын ба?
Олардың жұмысқа орналасуы мен кәсіп меңгеруі қалай жүзеге асады? Осы сұрақтардың шешімін табуға бағытталған жобалардың бірі - Геннадий Франк негізін қалаған “Шаңырақ” бірлескен кәсіпорыны.
Кәсіпкерлікке жол ашқан бастама.
Жетім балалар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған жастарға арналған бұл әлеуметтік жоба 2010 жылы іске қосылды. Геннадий Франк - өзі де балалар үйінің түлегі. Ол Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітіріп, кейін өз кәсібін ашып, балалар үйлерінің түлектерін қолдау мақсатында өндірістік және әлеуметтік кәсіпорын құрды. Ол 2013 жылы “Балалар үйлері мен мектеп интернаты түлектерін кәсіби бейімдеу” жобасын қолға алды. Ал 2014 жылы “Шаңырақ” атауымен жұмысқа орналастыру мен кәсіпке баулуға бағытталған әлеуметтік кәсіпорын ашты.
Жетістіктер мен мүмкіндіктер.
Бүгінде “Шаңырақ” кәсіпорны бірнеше бағытта қызмет көрсетеді.
Онда кәсіптік оқыту-тігін цехы, өндірістік мектеп және тығылымдамадан өту мүмкіндігі бар.
Жұмысқа орналастыру арқылы балалар үйінің түлектері тігін ісін, автожөндеу жұмыстарын, ағаш шеберлігін меңгерді.
Әлеуметтік қолдау үшін түлектерге тұрғын үй бағдарламалары бойынша қатысуға көмектесу де жақсы жолға қойылған.
Осы уақытқа дейін 92 түлек еңбек аттестациясынан өтті. Олардың 39-ы жұмыспен қамтылды. 38-і тігін ісін меңгерді, 7 түлек жеке кәсібін ашты.
Әлеуметтік кәсіпкерліктің маңызы.
“Шаңырақ” кәсупорны өзін-өзу қаржыландыру моделіне көшті. Бұрын қаражаттың 50%-ы мемлекеттік гранттардан тұрса, бүгінде кәсіпорын коммерциялық қызмет арқылы тұрақты табыс көзін қалыптастырды.
Геннадий Франктің пікірінше, басты мақсат-әлеуметтік осал топтардың мәселесін шеше отырып, оларды тәуелсіз өмір сүруге дайындау. Ол кәсіпті тек бизнес ретінде қарастырмайтынын атап өтеді.
Қорыта айтқанда: “Шаңырақтың” тәжірбиесі көрсеткендей, жетім балаларды кәсіпкерлікке үйрету - олардың қоғамда өз орнын табуына көмектесетін тиімді тәсілдердің бірі. Бұл жобаның табысты үлгісі Қазақстандық әлеуметтік кәсіпорындар үшін маңызды қадамдар болмақ.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі