Өлең, жыр, ақындар

Қоршаған ортаны қорғау — әр адамның міндеті

     Қоршаған орта — біздің табиғат анамыз. Қоршаған ортаны қорғау — әрқайсымыздың міндетіміз. Табиғатта, ауада, суда түрлі экологиялық мәселелерді жиі кездестіреміз. Осы мәселелерге тоқталатын болсақ, Қазақстандағы экологиялық жағдай экономикаға да, табиғатқа да, ауаның сапасына да кері әсерін тигізіп отыр. Мысалы, Алматы қаласы әлемдегі ең ластанған 25 қаланың қатарына кіреді.

     Бәрімізге белгілі мәселелердің бірі — Арал теңізінің тартылуы. Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде Сырдария мен Әмудария өзендерінің суы ауыл шаруашылығы мақсатында шамадан тыс пайдаланылды. Соның салдарынан Арал теңізі құрғап, айналасында тұзды шөл пайда болды. Бұл аймақтың халқы тыныс алу жолдарының ауруларына жиі шалдығады.

Негізгі экологиялық мәселелерге мыналар жатады:

 • Өнеркәсіптік қалдықтар мен ауаның ластануы;

 • Климаттың өзгеруі;

 • Қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардың артуы.

2023 жылы Қазақстанда шамамен 4 миллион тонна тұрмыстық қалдық жиналған, оның тек 24%-ы ғана сұрыпталып, қайта өңделген. Осындай жағдайлар қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бұл мәселелердің алдын алу шараларын қарастыру қажет.

      Қоршаған ортаны қорғау — әрбір адамның міндеті. Біз табиғатты қорғай отырып, өзімізге де, болашақ ұрпаққа да пайда әкелеміз. Бұл тұрғыда қоқысты сұрыптап, қайта өңдеу ісін дамытуымыз керек. Оны жүзеге асыру үшін:

 • Қайта өңдеу зауыттарын ашу;

 • Суды үнемдеп пайдалану;

 • Өндіріс орындарын тазарту жұмыстарын күшейту сияқты шаралар қажет.

Қоршаған ортаны аялап ұстау, оны тазарту мен өңдеу — біздің қолымызда!

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жұмабаева Нұршат


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз