Астана тарихы
Отанымыздың жүрегі атанған, еліміздің бас қаласы, елордамыз Астана қаласының тарихы – бұл біздің тәуелсіздігіміздің, ұлтымыздың тарихы. Есіл өзенінің бойында орналасқан жас қала қазіргі күні сәулеті келіскен, көркейіп келе жатырған әсем қала десек артық емес. Ендеше, осы көркем елордамыздың бүгінгі күні мен тарихын терең үңіліп қарастырып өтейік.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, еліміздің астанасын оңтүстіктен орталық аумаққа қарай көшіру мәселесі көтеріле бастаған болатын. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі шешімі бойынша 1994 жылы 6 шілдеде елордамыз Алматы қаласынан Ақмолаға көшірілген болатын. Осыдан кейін, мемлекет астанасын ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асырылды. Мемлекетіміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілген болатын. Осылайша, бүкіл әлемге еліміздің бас қаласы Астанамыз паш етілді.
Елордамыз түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруінің арқасында танылған болатын. Осыған байланысты, 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді.
Астана – халықаралық түбірлі жиындардың, симпозиумдар мен форумдардың ордасына айналды. Елордада 2003 жылы әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндер көшбасшыларының халықаралық сьезі өтті. 2011 жылы Орталық төрінде ЕҚЫҰ-ның бірегей саммиті өтті. 2017 жылы маусымның жетісі күні ЭКСПО-2017 көрмесі ашылып, үш ай бойы «Болашақтың энергиясы» тақырыбында халықаралық мамандандырылған көрме отан назарын өзіне аударды.
Бүгінгі ажарлы Астанамыз еліміздің әкімшілік орталығы болумен шектелмейді, сонымен қатар бабаларымыз аңсаған еркіндік пен ұлттық орталыққа айналды. Еліміздің өзге мемлекеттермен ресми кездесулері, ғылым, мәдениет, өнер, спорт және туризм саласындағы арнайы іс-шаралар осы біздің Астанамызда өтеді.
Астана - біздің ортақ шаңырағымыз. Астана өзінің жаңа тарихында өзге ұлттарды ғана емес, бүкіл адамзатты бейбітшілік пен келісімге шақырып отыр және шақыра бермек. Еуразия жүрегінде орналасқан Астана қаласының жаңа тарихы – бұл тәуелсіздік тарихы, бұл мемлекеттілік тарихы, бұл ұлттық тарих.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі