Өлең, жыр, ақындар

Шоқан-қазақтан шыққан тұңғыш ғалым

Қазақ халқының тарихында ғылым мен білім жолына ерекше із қалдырған ұлы тұлғалар аз емес.Дегенмен олардың ішінде 19 ғасырда өмір сүрген Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың орны бөлек.

Шоқан қазақ даласынан шыққан тұңғыш ғалым,зерттеуші әрі ағартушы ретінде танылды.Сол дәуірде қазақ қоғамы дәстүрлі негізде өмір сүріп жатқан шақта,Шоқанның ғылымға келуі ұлт тарихында жаңа кезеңнің басталуын айқын көрсетті.Оның еңбектері тек қазақ халқы үшін ғана емес,жалпы шығыстану ғылымына зор үлес қосты.

 

Шоқан бірнеше салада еңбек етті. Атап айтқанда:

Тарих саласындағы еңбектері

Шоқан қазақ халқының және көршілес халықтардың тарихын зерттеуге ерекше көңіл бөлді.Жазба деректерді де,ауызша аңыз-әңгімелерді де салыстырып,ғылыми тұрғыда талдады.

“Қазақтың шежірелері” атты еңбегінде қазақ руларының шығу тегі,тарихи қалыптасуы туралы деректер береді.Бұл еңбек тарих ғылымында этникалық құрамды түсінуге негіз болды.

“Қырғыздар туралы жазбаларында” қырғыз халқының шығу тегі мен “Манас” эпосын алғаш ғылыми тұрғыда сипаттады. “Манас” жырын әлемдегі ең көлемді эпостардың бірі деп танып,халық өміріндегі рөлін ашып көрсетті.

Шоқанның ерекшелігі-ол тарихты тек баяндап қана қоймай,деректерді салыстырып, сыни көзқарас білдірді.Ал бұл-сол дәуір үшін жаңа ғылыми әдіс болған еді.

 

 Шоқан қазақ халқының әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі,тұрмысын жүйелі түрде зерттеп,ғылыми айналымға еңгізді.

Бұл саладағы еңбектері:

“Сот реформасы туралы жазбаларында” ол қазақтың билер соты мен дәстүрлі құқық жүйесін талдап,оның әділдікке негізделгенін дәлелдейді. Бұл еңбек этнография ғылымының негізін қалауда ерекше маңызға ие болды.

 

  Тарих,этнография саласыннан да басқа әдебиеттану және фольклортану саласыдағы еңбектері де ғылыми негізде талдады.

“Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырының бірнеше нұсқасын салыстырып,жырдың тарихи негіздерін ашуға тырысты.

Батырлық эпостарға қатысты еңбектерінде қазақ қоғамының рухани мәдениетін көрсетті.Шоқан фольклорды тек көркем мұра ретінде емес,хплықтың тарихи санасының,дүниетанымының айнасы деп қарастырды.

 

Шоқанды “қазақтың тұңғыш ғалымы” деуіміздің себебі-ол шығыс пен батыс ғылымының тоғысында тұрған дара тұлға болды.Еуропалық ғылыми әдісті меңгере отырып,туған халқының мәдениеті мен тарихын ғылыми негізде зерттеді.Шоқан халық ауыз әдебиетін тек жинап қана қоймай,оны салыстырмалы талдаудан өткізіп,ғылыми қорытынды жасады.

 

Замандастары Шоқанның ерекше дарынын ерте мойындады. 

Ф.М.Достоевский “данышпан жас” деп бағаласа,жанындағы досы Г.Н.Потанин “Шоқан еуропалық білім мен қазақы зердені ұштастырған ғажайып тұлға” деп жазды.Кейінгі зерттеушілер де оны қазақ ғылымының негізін қалаушы,ұлт ағартушысы ретінде бағалады.Соның бірі Қазақтың алғашқы академиктер қатарындағы Әлкей Марғұлан Шоқан мұрасын терең зерттеп,оның ғылыми еңбектерінің құндылығын дәлелдеп берді.

 

Қорытындылай келе,Шоқан Уәлиханов-қазақ ғылымының бастауында тұрған тұңғыш ғалым.Ол аққан жұлдыздай қысқа ғұмыр кешкенімен,артына өшпес мол мұра қалдырды.Тарих,этнография,әдебиеттану сияқты көптеген ғылым саласында қалдырған еңбектері бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ.Бүгінгі қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуының негізінде де оның еңбектерінің ізі жатыр.

Шоқанның тұлғасы-ұлт үшін білім мен ғылымның шамшырағы.

                                                                            ҚазҰУ-дың 1-курс студенті Орынбасар Әмина

                                                                Ғылыми жетекші:фил.ғ.к.,доцент Р.С.Жақсылықбаева  

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар