21 ғасырды "ақпарат дәуірі" дейміз. Бұл - ақиқат. Ақпарат дәуірінің қарыштап дамығаны соншалық, адамзат ғұмырында небір елеулі өзгерістер болып жатыр. Адамның ой-санасы жетілді, ғылым дамыды, өріс кеңейді. Әсіресе қазіргі қоғамда жасанды интеллект бірнеше мамандықты алмастыруда. Бұл ретте алмастырудың пайдасын ғана емес, зияны да барын баса айту керек. Білім мен жүректі қажет ететін журналистиканың негізгі миссиясы шыңдық пен әділдікті көздегендіктен, ақпарат таратушы маман, әуелі, адам болған дұрыс. Дегенмен, бүгінде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шұқшия телміретін тик-ток желісі мен жасанды интеллект сұхбат алушының жұмысын атқарып жатыр. Жұмысын бағалағанда кәдімгі адам екен деп қаласың. Бірақ көкейде бұл кері әсерін тигізбей ме деген сауал туындайды.
Жуырда Қазақстандағы Сүлеймен Демирел университетінде осы тақырып аясында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында жасанды интеллекттің цифрлық дамуда, әсіресе журналистика саласында пайдасы зор екені талданды. Ақпараттардың нақты әрі қауіпсіз жеткізілуіне басымдық берілді.
Жасанды интелектіні дұрыс пайдаланудың қазақ медиа кеңістігіне ықпалы үлкен.
Заманауи тұрғыдан қарастырғанда, көрерменге ақпаратты жеткізуді кәсіби журналистиканың дамуы деп түсінуге болады. Журналистика жыл сайын халыққа ақпарат таратуда бірнеше технологияны тәжірбиеден өткізуде. Көрерменге сапалы бағадарламалар таратуда жасанды интеллектінің маңызы мен атқаратын қызметі орасан.
Жасанды интеллект жазған мақала мен тәжірбиелі журналист жазған мақалаға сауалнама жүргізілді. Көрерменің басым бөлігі журналист жазған мақаланы таңдаған. Себебі журналист жазған мақала нақты әрі салмақты болған.
Айта кетерлігі, жасанды интеллекттің шығармашылық жетіспеушілігі көп, олардың негізгілері - көңіл күй, жаңаша ойлау және ішкі түйсік. Тіпті кейбір оқиғаларға сүйенсек, жасанды интеллекттің этикалық мәселелері де бар. Соның бірі - жалған ақпарат тарату қаупі мен дереккөздердің нақтылығын тексере алмауы. Жалған ақпарат таратпау, өзгенің бостандығы мен ар-намысына құрметкен қарау, кәсіби ынтымақтастық секілді қағидаларды ет пен сүйектен жаралған бірнеше журналист ұғынбай жүргенде, "темір" журналист қайдан ұғынсын?
Ал шынын айтқанда, журналист көрген дүниесін санамен қабылдап, жүрекпен сезініп, халыққа жеткізеді.
Жасанды интеллект пен заманауи технологиялардың журналистикадағы қызметті жеңілдететінін мойындауға болады. Бірақ жасанды интеллект қанша қарыштап, көкке қалықтағынымен, журналистиканы алмастыра алмайды.
Риза САПАРҚЫЗЫ
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі