Жылына бір келетін Құрбан айт – жай ғана мейрам емес. Бұл күн – жан дүниеңді тазалап, жүрегіңді жұмсартатын, жақыныңа жылулық сыйлайтын рухани бір күн. Әр мұсылман үшін бұл мейрам – жақсылық жасауға, бірлік пен кешірімге жол ашатын ерекше мүмкіндік.
Құрбан айт – Ибраһим пайғамбардың (а.с.) үлкен сынаққа сабырмен мойынсұнғанын еске түсіретін күн. Ол Алланың бұйрығына қарсы келмей, ұлын құрбан етуге дайын болған. Сол кезде Алла оның сенімін қабыл етіп, құрбандыққа аспаннан қошқар түсірген. Бұл оқиға бізге бір нәрсені үйретеді: шынайы сенім мен шын жүректен жасалған ниет – ең құнды амал.
Бүгінде бізге бұл мейрам:
• Аллаға жақындау,
• Жақындарымызды қадірлеу,
• Мұқтажға көмектесу,
• Амал арқылы жүректі тәрбиелеу секілді құндылықтарды еске салады.
Құрбан шалу – шама келетіндер үшін сауапты іс. Бірақ егер жасың кіші болса, не жағдай келмесе – бұл мейрам сен үшін де маңызды. Не істеуге болады?
– Таңертең ерте тұрып, таза киініп, дұға жаса.
– Ата-анаңа, бауырларыңа жақсы тілек айт.
– Ренжіскен досың болса – кешір.
– Мұқтаж адамға садақа бер. Тіпті жылы сөз де – садақа.
– Алладан жақсылық сұра – өзіңе де, өзгеге де.
Құрбан айт – ет жеп, сыйлық алу күні ғана емес. Бұл – адамның ішкі әлеміне үңілетін, шын ниетпен жақсылық жасайтын күн. Ең үлкен құрбандық – өз ішіңдегі жаман ойды тастап, жүрегіңді жақсылыққа толтыру.
Құрбан айт құтты болсын! Жүрегіңде иман, үйіңде береке, өміріңде жақсылық көп болсын!
Избанова Шапағат Ғибратқызы
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі