Бейсен Абайұлы Құранбек — 1971 жылы 9 желтоқсанда дүниеге келген журналист, қоғам қайраткері, тележүргізуші.
Ол өзінің журналист ретіндегі еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші және жауапты хатшы қызметтерінен бастаған. Кейінгі жылдарын қазақ телевизиясымен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар», Президент телерадиокешенінде қызмет атқарды.
Бейсен Құранбектің халық сүйіктісіне айналуының бір себебі — туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігі. Ол елінің дамып, жетекші мемлекеттер қатарына қосылғанын қалады. Сол себепті жастарға көптеген мүмкіндіктер ашып, бар білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөлісті.
Бейсен Құранбек — нағыз тілшінің қандай болуы керектігін көрсеткен, көпке үлгі болған азамат. Ол бір сұхбатында былай деген еді:
«Журналистке керекті бірнеше қасиет бар. Ең бастысы — журналист бейжай, бейқам, енжар болмауы тиіс. Ол адамның өміріне, қоғамда болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерге жанашырлықпен, қызығушылықпен қарауы керек.»
Бұл сөздер болашақ журналистерге жол көрсететін ұлағатты ойлар болып қала береді.
Кенеттен келген қазасы бүкіл Қазақстанды есеңгіретті. Нардай тұлға, майталман тілшіден айырылып қалу тек жақындарына ғана емес, барша халыққа ауыр соққы болды. Алайда Бейсен Құранбектің артында қалдырған сауапты істері, жанашырлықпен халыққа көрсеткен көмегі, жарқын бейнесі халық жадында мәңгілік сақталады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Амантай Таңшолпан
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі