Өлең, жыр, ақындар

Арманның шегі бар ма?

    Адам баласы шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, өмірге деген талпыныспен, арманмен келеді. Ұлы Абай атамыздың «Арманы жоқ жастар – қанатсыз құспен тең» деген сөзі осының дәлелі. Арман – алысқа жетелейтін, болашаққа сенімділік ұялатып, рухты жігерлендіретін керемет сезім.

Кейбір адамдар үшін арман қол жетпейтін тылсым болып көрінуі мүмкін. Мәселен, жылтыр экранда жарқырап жүру, бұлттармен жарыса ғарышқа ұшу немесе тамағыңды жегенде барша адамның аузынан дәмі кетпейтіндей шебер аспаз болу – мұның бәрі жай қиял болып қала береді. Ал кейбіреулер үшін бұл – шындыққа айналатын мүмкіндік. Себебі олар тек армандап қана қоймай, сол арманға жету жолында әрекет етеді. «Еңбек бәрін жеңбек» демекші, тырысқан адам ешқашан жауапсыз қалмайды.

Қазіргі шексіз мүмкіндіктерге толы қоғамда арманы орындалған адамдар өте көп. Ғылым, техника, өнер, спорт – тіпті қарапайым тазалық саласында да өз арманын жүзеге асырып жүргендер аз емес. Бұл – арманның шексіз екенін және оған жетудің жалғыз жолы адамның талпынысы, сенімі мен үздіксіз еңбегі екенін дәлелдейді.

Арман – адамның ішкі айнасы. Оның шегі болмайды, әрі болмауы да керек. Арман – аспан, оған қол созған адам ғана жетеді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Серік Аружан

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз