Өлең, жыр, ақындар

Қазақ қызының жаңғырығы

Менің атам жүрді жердің бетінде,
Өтті өмір қиындықпен күресте.
Ашаршылық, кіші Қазан тағы бар,
Не көрмеді қазақ байғұс бұл жерде.

Ішім ашып қынжылады менің де,
Кімдер отыр, қарашы бір билікте.
Орыспенен кей қазақтар сатқындап,
Қайтпек бұлар ертеңгі бір кезеңде?

Бірақ біз де бүгілмейміз сынға да,
Атам сынды ұмтылармыз мұңға да.
Жігер, рух — жанымызда алаулап,
Қандай көмек қажет менен бұл шақта

Аштығының азабынан қырыла,
Кім бар, кім жоқ — әне бір күн, таңда.
Мәйіттер де көшелерде жатқанда,
Аяушылық танытқан-ды қазақ та.

Қазір жоқ көмегі бар атам менің жанымда,
Болармыз біз тілекші құлшылықпен дұғада.
Тек сатқынның жасағаны алашқа,
Тілеймін — қайтсын жауап Құдайдан сол жауларға

Жатқан жері жарық болсын деп бағыштаймын,
Ерліктерін ұрпағына айтып шарықтаймын.
Зұлмат жылдар зардабын ұмытпаймыз,
Үмітпенен жаратқаннан жақсылықты біз сұраймыз.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Темирболатова Нұрайым


Пікірлер (5)

Гульзия

Нұрайым.
Тек алға
Керемет жарайсың

Олжабаева Әсемгүл Жұмабаевна

Бұл өлең шумақтарын жазған оқушының талабы зор екені көрініп тұр.Автордың ойы,өмірге көзқарасы,психологиялық сезімі ашық та айқын көрінеді.
Оқушы өмірдегі жақсы мен жаманға,шындық пен өтірікке бейжай қарай алмайтындығы байқалады.
Әрине,шумақтағы ұйқас пен буын санындағы кемшіліктерге кешіммен қарау керек.
Ең бастысы:идея бар,сюжет бытыраңқы болса да сезіледі.
Іске сәт,ЖасТалапкер!

Салтанат

Нұрайым, ботам, тамаша????????????

Мадина

Қандай әдемі жазылған !!!
Керемет????????????

Өмірзаққызы Махаббат

Өлеңнің мазмұнында терең астарлы ой жатқаны көрініп тұр. Мағыналы жазылған екен. Қаламың ұштала берсін, қазақтың қайсар қызы????

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз