Өлең, жыр, ақындар

Креативті экономика дамуындағы ҚазҰУ үлесі

Креативті экономика дамуындағы ҚазҰУ үлесі.

         Креативті экономика-бұл негізінен қызмет көрсету саласында болып жатқан үдерістерді қамтитын шығармашылық сектордың экономикасы, бірақ осы саладағы қызмет нәтижелерін экономиканың барлық салаларында табуға болады. Креативті экономика-ең алдымен ғылым, өнер және мәдениет салаларының экономикасы. Ол инновацияның қозғаушы күші және ғылыми зерттеу саласында да, бизнес, өнер, мәдениет немесе дизайн саласында да жаңа тәсілдерді жасаушы болып саналатын шығармашылық тұлғалардың жоғары үлесіне сүйенеді. 2000 жылдардың басынан бастап әлемнің көптеген өңірлері мен қалалары білім, шығармашылық және инновация экономикасы ретінде креативті экономиканың бөлігі болып табылатын креативті индустрияларды дамыту бағытында қозғала бастады.

       Қазақстанның креативті экономикасына тоқталып өтейік. БҰҰ әлемнің көптеген елінің қолдауымен 2021 жылды «Халықаралық креативті экономика жылы» деп жариялағаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық креативті экономика жылы елі­мізде де креативті индустрия құру­да талантты жастарға назар аударуды, жұмыспен қамту­ды, Үкі­метке стратегиялық тұр­­ғыдан маңызды саланы ке­шенді түрде дамыту жоспарын құруды тапсыр­ды.Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы креативті экономиканы дамытудың 2030 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Сол арқылы мәдени шаралар, үлкен концерттер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда. 

       Қазақстанда креативті экономиканың негізгі шоғырланған аймағы Алматы қаласы болып табылады. Мұнда басқа ел аймақтарына қарағанда ең көп оқу орындары, мұражайлар мен театрлар орналасқан, шығармашылық салалардың ең ірі нарығы бар.

     Соның ішінде ерекше айтып өтетініміз жақында ғана 230 орыннан 163 орынға көтеріліп, әлемнің үздік 200 университетінің қатарын толықтырған қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды.         ҚазҰУ өзге де беделді халықаралық рейтингілерде қарқынды серпіліспен алға жылжуда. «Times Higher Education» Британдық агенттігінің зерттеу нәтижесі бойынша ҚазҰУ Орталық Азияда алғаш болып әлемдегі ең үздік ЖОО-лар тобына кірді. «UI Green Metric Ranking of World Universities» жаһандық рейтингінде ҚазҰУ 172 орын алды, Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы еуропалық рейтингінде ҚазҰУ «АА» бағасына иеленіп, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының тобына енді. Танымал халықаралық «Great Value Colleges» (АҚШ) ұйымының зерттеу нәтижесі бойынша ҚазҰУ әлемнің технологиялық дамыған университетінің ішінде 31-ші орынды бағындырды.

      Ауқымды құрылымдық модернизациялау, нәтижелерге негізделген менеджменттің жоғары тиімділігі және соңғы бес жылда 50%-ға дейін өскен бірегей инфрақұрылымдардың қарқынды дамуы ҚазҰУ-дың рейтингілердегі алға жылжуының маңызды факторы болды.Университеттің әлемдік танылуы халықаралық әріптестік аясының кеңеюі және интернационализацияның дамуымен, сонымен қатар ҚазҰУ-дың БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының тұрақты даму жөніндегі ғаламдық хабы ретіндегі белсенді қызметімен байланысты.

       Мыңдаған креативті жастардың болашағына жол ашқан қара шаңырағымызда студенттік ұйымдар,үйірмелер мен клубтар,түлектер қауымдастығы, ғылыми кітапхана, ҚазҰУ пікірсайыс клубы сынды түрлі жобалар жұмыс жасауда. ҚазҰУ Қазақстанның шетелдегі оң имиджін арттыруға белсенді ықпал етеді. Орталықтар, кафедралар университеттің белсенді қолдауымен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында құрылады.                 

       Ел экономикасының дамуына үлес қосу әрбіріміздің міндетіміз.Осындай мүмкіндіктерге толы қара шаңырақта білім алып жатқан әрбір студент ретінде әрқайсымыздың мемлекет өркендеуінде алар орнымыз айқын hәм нық болуы тиіс.            

 

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз