Ұстаз… Неткен ұлы есім! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан, өзгенің баласы үшін жанын аямаған ең қасиетті адам ол - ұстаз дер едім. Иә, бұл пікірмен барлық ұстаздан тәлім мен білім алған шәкірт келіседі деген ойдамын.
“ Бір әріп үйреткен ұстазға қырық жыл сәлем бер деген” шариғатта. Биыл өзім мектептен ұшқалы отырған сан мыңдаған шәкірттердің бірімін. Алғаш қалам ұстатқан, белгілі бір ортаға қалыптасуыма әсер еткен, білім суымен суарған ұстаздарыма айтар алғысым шексіз. Әсіресе, болашақ таңдап отырған мамандығыма себепкер болған, шығармашылыққа баулыған өмірлік ұстазым, өз әжем Әсемгүл Жұмабайқызын ерекше айтқым келеді. Әжем қырық жылдан астам уақыт қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы болған, ал қазір зейнеткер. Екінші алғысымды өз анам, жеті жыл бойы қазақ тілінің байлығын бойыма сіңірген ұстазым Салтанат Қайырқызына айтқым келеді.
Менің ұстаздарым кешегі сәби баладан, одан әрі шәкірттерінен бүгінгі күнгі тұлғаны шығарды.
“Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан”- деп Абай атам айтқандай қағиданы мен де ұстанамын!
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Темирболатова Нұрайым
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі