Сәлеметсіздер ме!
Менің атым – Тұрмұхамбет Аймира. Мен Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінің бастауыш сыныбында оқимын. Биыл 3-сыныпты үздік бағамен аяқтадым. Бүгін мен сіздерге өзіме қатты ұнайтын TopIQ.kz платформасы туралы айтып бергім келеді.
Мен бұл платформаны сынып жетекшім Гүлбаршын Аяпбергенқызының көмегімен танып білдім. Содан бері 2-3 жыл көлемінде тұрақты қолданып келемін. TopIQ – мен үшін жай ғана оқулық емес, ол – қызықты, ыңғайлы әрі ақылды оқу көмекшім.
Неге маған TopIQ ұнайды?
- Ондағы тапсырмалар өте түсінікті және жеңіл;
- Кез келген жерде –мектепте де, үйде де оқи аламын;
- Көрнекі суреттер, бейне сабақтар, қызықты тестілер көп;
- Мұғалім мен ата-анам менің қалай оқып жатқанымды көре алады.
Қазақ тілі мен математика пәндеріндегі тапсырмалар маған өте ұнайды. Себебі мен олар арқылы ойлануды, есеп шығаруды жақсы үйреніп келемін. Кейбір қиын тақырыптарды TopIQ арқылы оңай түсіндім. Әр тапсырмадан кейін өзімді тексеріп отырамын.
Қазіргі таңда мен "LEADER TopIQ-2025" Республикалық байқауының екінші кезеңіне өттім. Байқауға қатысу арқылы мен өзімнің сүйікті оқу платформам туралы айтып, бағымды сынап жатырмын. Осы жолда мені қолдап жүрген барлық адамдарға алғысымды білдіремін.
TopIQ – маған жауапты болуды, өз бетіммен дайындалуды және уақытты тиімді пайдалануды үйретті. Ең кереметі – барлық оқулықтар бір жерде! Басқа кітап іздеп әуре болмаймын.
Мен сияқты достарыма да осы платформаны қолдануға кеңес беремін.
Менің ұраным: «Ақылды ұрпақ – цифрлық біліммен өседі!».
Авторы: Тұрмұхамбет Аймира, №59 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі