XXI ғасыр – ақпарат пен технологияның ғасыры. Қазіргі қоғамда кім ақпаратты шынайы, жедел әрі тартымды түрде жеткізе алса, сол алда. Бұл үрдіс әсіресе жастармен жұмыс істеу саласында айқын байқалады. Себебі бүгінгі жас буын – цифрлық кеңістікте дүниеге келіп, технологиямен бірге өсіп жатқан ұрпақ. Олар үшін ресми қағаздар мен салмақты баяндамалардан гөрі, қысқа да нұсқа, тартымды визуал мен интерактив контент әлдеқайда өтімді. Осындай жаңа дәуірдің талаптарына сай жұмыс істей білген Жастар саясаты басқармасы бүгінде медиасаясаты арқылы заманауи мемлекеттік басқарудың үздік үлгісін көрсетіп отыр.
Басқарма жұмысы жайлы бір ғана Instagram жазбасынан немесе TikTok видеосынан хабардар болып отырған жас үшін, басқарманың медиаконтенті – оның бет-бейнесі. Сондықтан бүгінде медиа – имидж қалыптастырудың басты құралына айналды. Осыны жақсы түсінген басқарма әлеуметтік желілердегі парақшаларын жаңаша форматта дамытып, жастарға жақын әрі түсінікті тілде сөйлей бастады. Әлеуметтік желілердегі контент қатаң ресмиліктен арылып, шынайылыққа, креативке және диалогқа негізделген. Мысалы, ақпараттар тек хабарландыру түрінде ғана емес, бейнерепортаж, инфографика, мотивациялық посттар, сторителлинг форматында ұсынылады. Бұл тәсіл жастармен арасындағы алшақтықты жойып, сенімге негізделген қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ басқарма үшін әлеуметтік желі – біржақты хабар тарату құралы емес, кері байланыс алаңы. Яғни жастардан келіп түскен ұсыныс-пікірлер, сұрақтар мен шағымдар ескерусіз қалмайды. Жауаптар дер кезінде беріліп, кейбір мәселелер бірден шешімін тауып жатады. Мұның барлығы басқарманың ашықтығын көрсетіп қана қоймай, жастардың да белсенді азамат ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Бұған қоса, тікелей эфирлер, онлайн сауалнамалар мен пікірталастар да басқарманың шынайы диалог орнатуға ұмтылысын айқын аңғартады.
Цифрлық медиасаясат тек ақпарат таратып, кері байланыс орнатумен шектелмейді. Жастар саясаты басқармасы жастардың өзі де медиа кеңістікте белсенді, сауатты болуына жағдай жасап келеді. Соңғы жылдары ұйымдастырылған «Медиажас» форумы, SMM оқыту курстары мен жас контент жасаушыларға арналған гранттық байқаулар – соның айғағы. Бұл жобалар арқылы өңір-өңірден шыққан жастар медиа саласындағы білімін тереңдетіп, өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік алып жүр. Нәтижесінде жаңа буын медиакөшбасшылар қалыптасып, жастар өз мәселелерін өздері көтеріп, қоғаммен тілдесе бастады.
Жалпы алғанда, Жастар саясаты басқармасының қазіргі медиасаясаты — жастармен жұмыс істеудің жаңа үлгісі. Ашықтық, шынайылық, жеделдік пен креативтік тәсіл — осы саясаттың басты тіректері. Бұл бағыт басқарма жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, мемлекеттік орган мен жас ұрпақ арасындағы сенімді нығайтуға жол ашты. Цифрлық кеңістікте өз орнын тапқан, заманауи медиатілді меңгерген мұндай басқарманың болашаққа бағыт-бағдары айқын, келешекке берері мол.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі