XIX ғасырдың соңғы ширегінен бастап Мәдениеттанудың, яғни мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілімнің негізі қаланды. Содан бері өркениетті туындататын мәдениет жеке пән ретінде қалыптасты. Мәдениеттану ілімі бүкіл Жер шарының біртұтас мәдениетін ғана емес, жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстарын және де мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының жалпылама мәдени даму процесінің тұтастай заңдылықтарын анықтайды. Бұл ерекше пәнді бірі біліп, бірі білмесе де ол өзінің ерекшілігін, ауқымдылығы мен қызықтылығын жоғалтпайды. Мәдениеттану арқылы әлем мен адамзаттың ой-өрісін жақыннан танып, үлкен көлемдегі жаңа көзқарастарға жол ашамыз. Сол мәдениеттің бастамасы мен ошағы одан аз маңыздылыққа ие деп айта алмаймыз. Себебі дұрыс таңдау арқылы, нағыз білім мен сансыз ақпарат құзырымызда болады және бірден-бір маман болуға зор үлесін қосады. Осы орайда Мәдениеттану ілімін насихаттайтын орны толмас әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін атамасқа болмайды. Өйткені. ҚазҰУ өзінің білікті мамандары , білімге құштарлы студенттері, қолжетімді ресурстары мен көңілге жайлы аппараттарымен танымал. Университет барлық студентіне ең қолайлы жағдайды қалыптастырып қана қоймай, шексіз мүмкіндіктердің иегері атануға үлкен күш жұмсайды. Қай ілім болмасын, барлығы дерлік жоғары дәрежеде зерттеліп, өзіне еліктіріп әкетеді. Соның ішіндегі Мәдениеттану да әлі де буыны бекімесе де, қоғамның негізі атанған ғылымдардан артық болмаса, кем түспейді. Фараби университеті ең білікті мамандар арқылы, ең білімді студенттерді қалыптастырады, оған осы мәдениеттің бастауы болған пән әбден дәлел. Мәдениеттанушы мамандығын аяқтаған түлектер, қазіргі таңда еліміздің беделді азаматтары атанып, кәсібиге шеберлерге айналып отыр. Ал дәл қазіргі сәтте жоғары оқу орнында оқып жатқан білім алушылар пәнді егжей-тегжейлі меңгеру арқылы және кәсіби тәжірибеден өту арқылы өздерінің біліктілігін арттыруда. Осы жазғы Мәдениеттану пәнінің 2 курс студенттері өткен тәжірибенің өзінен-ақ университеттің сапалы жұмыс атқаратындығын оңай байқауға болады. Студенттер теориялық білімдерін іс жүзінде қолдану мақсатында түрлі мәдени іс-шараларды жоспарлап, ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласты. Танымдық және тәрбиелік бағыттағы жобалардың мазмұнын әзірлеу, ұйымдастыру үдерісіне қатысу арқылы болашақ мәдениеттанушылар кәсіби тәжірибе жинақтап, өздерінің біліктілігін арттырды.
Қорыта айтқанда, мәдениеттану – тек ғылым емес, ол — адамзаттың өзін, қоғамын және өркениетін терең тануға бастайтын жол. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осы ілімнің мән-маңызын тереңінен ұғындырып, білікті мамандар даярлауда алдыңғы қатарда келеді. Университет қабырғасында жүріп, мәдени жобаларды ұйымдастыруға қатысқан студенттер тек біліммен ғана емес, тәжірибемен де қаруланып, болашақта елдің мәдени дамуына өз үлесін қосатын тұлғаларға айналатыны сөзсіз.
- Асқарұлы Санжар
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі