“Махаббат қызық мол жылдар” романы — жастық шақтың, студенттік өмірдің және махаббаттың көркем шежіресі. Бұл романда екі студент жас — Ербол мен Меңтайдың махаббаттары мен басынан өткен қиыншылықтары толық көрініс табады. Ерболдың әскерден он екі мүшесі сау келіп, Меңтайдың шын ұнауын бұл романның бастауына айналдырады.
Әрі қарай екі жастың махаббаттары кеңінен ұштасады. Екі жас көптеген қиындықты бастарынан кешіреді. Бірақ менің ерекше есімде қалғаны– Ербол мен Меңтай бастарына келген қиыншылықтарға қарамастан, оған төтеп беріп, махаббаттарының әрі қарай жалғасуы.
“Махаббат қызық мол жылдар” шығармасының оқырманына сапар, тәрбие, сүйіспеншілік пен бұл шығарма шынайы махаббат, адалдық, адамгершілік, жауапкершілік және отбасы құндылықтарын ашып көрсететін туынды.Оқырман осы шығарма арқылы ұштасқан махаббаттың мәні мен ерекшелігін және отбасы құндылықтарын біледі.Ерболдың сезімі арқылы оқырман шынайы сүюді білуге, қиындыққа беріле мән бермеуге үйренеді.
Қорытындылай келе, шығармада студенттік өмір, достық, қашықтық, шынайы махаббат көркем суреттелетінін айтқым келеді.Оқырман бұл шығармадан өмір жолында дұрыс таңдау жасау, махаббат пен парызды тең ұстау, адал болудың маңызын түсінеді.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі