Жұмақын Гүлсім Ернарқызы
Ал сіз білдіңіз бе?
Қазақтың тұңғыш ұстазы Ыбырай емес.Мектепте, кітапта, интернетте ең тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин деп оқыдық. Себебі қазақ даласында алғаш мектеп ашқан кісі. Негізінде, тарихқа үңілсек, Ыбырайдан да ерте мектеп ашқан адам болған. Ол… Жәңгір хан.
Тарихтағы Салқам Жәңгір емес. Бөкей ордасын құрған - Бөкей ханның ұлы - Жәңгір. Ол жайлы біз Исатай/Махамбет көтерілісін өткен кезде оқыдық. Осы көтерілістен кейін оны оңбаған, жаман Жәңгір деп біліп алдық. Оған себеп:
1. Қазақ жерлерін өз туыстарына беріп, билік басына тек туыстарын отырғызған.
2. Ресеймен тығыз байланыс орнатып, соның “құлына” айналған.
3. Сөзімен келіспегендердің бәрін қырып отырған.
Ыбырайдың мектебі 1864 жылы ашылса, Жәңгір хан мектепті 1841 жылы ашқан. Ол мектепте еуропаша білім беріліп, балалардың талантын ашатын пәндер көбірек енгізілген. Мектепте тек Ресейден білім алған мұғалімдер сабақ берген. Жәңгір онымен тоқтамай, қазақ жерінде алғаш театр, мәдениет орталығы, банк, т.б. мекемелер ашқан.
Сіз бұл тұлғаның осындай қырын білідіңіз бе?Қысқасы, тарихтың бұрмалауынан алшақ болайық. Кез-келген тарихи тұлғаның жақсы жақтарын да атап жүрейік.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі