Нанға сатып алынған қазақ қыздары.
„Көшпенділер”кітабынан оқыдым.Қазақ жеріне келген орыс офицерлерге әйел жетіспеді. Сондықтан үкімет Сібір және Орынбор көшпенділері қыздарын өз пайдасына тарта бастады. 15 жасқа дейінге қызды НАНҒА сатып алып, оны православие дінін қабылдатып, үй шаруасына жұмсады. Қыздар болашақ күйеуін өздері таңдай алды. Бірақ оны кім тексеріп жатты?
Сол заңның азабын тартқан ең бірінші қыздардың бірі - 7 жасар Алтыншаш - Тайжанның қызы. Тайжан және Сейтен - Кенесары көтерілісінің бел ортасында болған ағайынды батырлар. Үкімет Тайжанды өлім жазасына кесіп, 3 ұлын сібірге айдап, 7 жасар қызын алып кеткен. Қыз Омбы қаласында тауар секілді сатылымға шығарылып, оны генерал-майор Фондерсон деген бір адам прислуга қылып сатып алады.
Тайжанның інісі Сейтен өзінің қарындасын іздеп, әрең табады. Бірақ онымен көрісуге қыздың иелері рұқсат бермейді. Сөйтіп жүріп, Сейтен қызды алып қашпақшы болып, ол ісі жүзеге аспай, ақыры өзі қашып құтылады.
Бірақ тап осы жайт сәтті аяқталады. Алтыншаш Фондерсонның үйінде жүріп, француз тілін жетік үйреніп, қазақ балаларына сабақ үйретіп, тұрмысқа шығып, Кенесарының барлаушысы қызметін атқарып, батыр қыз атанады.
Бірақ бұл заңның кесірінен жолы болмаған қыздар қаншама. Олардың өмірі де, өлімі де енді белгісіз.Мұндай тарихты білмейтіндер қаншама.Мүмкін мақала оқу арқылы біліп жүрер.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі