Біздің үйдегі дәстүр
Әрбір отбасы шағын мемлекет.Және әр мемлекетте өзіндік бір ерекше дәстүрлер бар.Кейбір отбасылар әр демалыс сайын бірге серуендесе,бір отбасында әрбір мерекені үлкен етіп тойлау дәстүрі бар.Менің отбасымдада сондай бір бұрыннан қалыптасқан дәстүр бар.Біз үшін жұма күнінің орны ерекше.Апта күндерінде барлық отбасы мүшелері жұмыста,мектепте боламыз.Әркім өз жұмысымен айналысады.Тіпті кейде бір бірімізді көрмей қаламыз.Жұма күні барлығымыз өз жұмыстарымызды ұмытып,кешкі асқа асығамыз.Бұл күн біз үшін жай ғана апта соңындағы күн емес,бұл күн жанұямызбен жиналып,бір-бірімізбен уақыт өткізіп,махаббатпен қамқорлықты сезінетін күн.
Анам бұл күні әрқашанда ерекше ас әзірлеуге тырысады.Әкемде жұмыстан кейін асыға шығып, үстел үстіне қоятын кондитерлік тәттілерді алып келеді.Мектептен шаршап келіп,үйдің есігін ашқанда,мен барлық уайымымды,шаршағанымды ұмытамын.Себебі,бұл күні үйде барлығы у шу болып жиналып жатады.Кешке анам екеуіміз дастархан дайындап, барлығын дастархан басына шақырамыз.Анам екеуміздің бірлесе дастархан дайындағанымызда бізді жақындастырып,ерекше қуаныш сыйлайды.Сөйтіп,барлығымыз дастархан басына жайғасамыз.Әрқайсымыз өзіміздің орнымызға отырып,анамның дайындаған тағамдарын таңдай қаға жейміз.Бірақ ең маңыздысы тамақ емес,біздің айтатын әңгімеміз.Барлығымыз кезек кезек апта бойы өткен қызықтарды айтамыз.Біріміз жұмыстағы жетістіктерімізбен бөліссек,біріміз мектептегі оқиғаларды айтамыз.Ал әкем өзінің балалық шағын еске алып,керемет естеліктерін айтады.Бір-біріміздің сөздерімізді үлкен ықыласпен тыңдап,қолдау көрсетеміз.Отбасымыздың әр мүшесі ішкі сырымен бөліседі.Мені қуантатыны да осы.Бұл біздің отбасымыздың шынайы қарым-қатынасы.Ешкім ешқайда асықпайды,бәрі де сол сәттің қадірін біліп,бағалайды.Дәл осы сәтте мен өзімді ең қажетті,ең сүйікті адам сезінемін.
Кейде дастархан басында менің інім ұлттық аспап домбырада ойнайды.Ал біз барлығымыз қазақша ескі әндерді шырқап,көңіл көтереміз.Арасында ойын ойнап,көңілді әзілдер айтып,шексіз күлкіге бөленеміз.Жұма күнгі кешкі асты ерекше қылып өткізубізге дәстүрге айналған.Бұл дәстүр бізді уақытша әлемнің барлық уайымдарынан,қиындықтарынан алшақтатып,тек бір бірімізбен бірге болу бақытына бөлейді,керемет естен кетпес сәттер сыйлайды.Отбасымдағы осы дәстүрдің арқасында,отбасы-өмірдегі ең қымбат байлық екенін түсінемін.Бұл дәстүр маған тек отбасымның құндылығын ұғыныдырып қана қоймай,болашаққа шабыт береді.Әкемнің өмірлік кеңестері мен анамның айтқан ақылы,отбасы мүшелерінің жетістіктері мен қиындықтарын талқылау-бәрі мені өсіріп,алға жетелейді.
Сонымен қатар осы дәстүр менің жүрегіме сенім ұялатады.Болашқта қандай қиындық болсада,тек қана сенің жанұяң әрдайым қолдау көрсетіп,сүйеніш болады.Отбасымның жылуы мен ынтымағы-менің өмірімнің негізі,ал жұма күнгі дәстүр сол негізді одан әрі нығайтады.Міне,сол себептен де бұл дәстүр менің болашаққа сенімімді арттырып,шабыт сыйлайды.
Менің ойымша,дәл осындай қарапайым,бірақ шынайы дәстүрлер үйдің шынай атмосферасын тудырады.Көп уақыт өтсе де,өмір мені қайда апарса да,жұма күні кешке мен дәл осы керемет дәстүр бойынша,дастархан басына ораламын.Дастархан басында бәрі әлі де жылы,жайлы және шынайы.Дәстүр ұрпақтан ұрпаққа жалғасада.Менің арманым,дәл осы біздің ерекше дәстүріміздің болашқтада жалғасуы.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі