Жасанды интелект-бұл адамның ойлау және шешім қабылдау қабілеттерін имитациялайтын технологиялар жиынтығы.Жасанды интелект соңғы бірнеше жылда үлкен дамуды бастан өткеріп, түрлі салада оның ішінде білім саласында да айтарлықтай өзгерістерге алып келді. Бұл мақалада жасанды интелекттің білім саласына әсерін оның артықшылығын мен қиындығын қарастырамыз.
Жасанды интелекттің артықшылықтары:
1.Жасанды интелект оқушылардың жеке қажеттіліктеріне бейім еткен оқыту әдістемелерін жасауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде оқу процесі әлдеқайда тиімді және қызықты болады.
2.Тағы бір маңызды артықшылығы ол- бағалау процесі. Жасанды интелект оқушылардың эсселерін, жұмыстарын, тест пен тапсырмаларын тез арада, үлкен жылдамдықпен бағалауға қабілетті. Және де оны түсіндіріп, түзетуге көмектеседі.
3.Үшінші артықшылық ол- қашықтықтан оқу. Яғни, оқушы және студенттермен интерактивті түрде қарым-қатынас жасай алады. Жасанды интелект арқылы білімге қолжетімділік артып, жердің әр орнынан білім алуға болады.
Жасанды интелекттің қиындықтары мен кемшілігі:
1.Жасанды интелектпен білім алу технологиялық немесе басқа да бір дайындықты талап етеді. Яғни, оқушы немесе мұғалім жасанды интелектпен жұмыс жасай алу үшін арнайы дайындықтан өту қажет.
2.Жасанды интелект пайдалану алдында ол қажетті сіз жайлы ақпаратты талап етеді. Яғни, жасыңыз, есіміңіз немесе кейде төлем арқылы жұмыс жасайтын сайттар банк картаңызды. Бұл әрине өте қауіпті.
3 Жасанды интелекттің білім саласында қолданылуы әлеуметтік және қоғамдық теңсіздік тудыруы мүмкін.
Жасанды интелект білім саласында революциялық өзгерістерге алып келеді. Ол оқыту әдістері, процестері, бағалау жүйелерін толықтай өзгерте отырып, білім алушыларға тиімді әрі қызықты оқу процесін ұсынады. Дегенмен, жасанды интелект білім саласында тиімді пайдалануы инфрақұрылым мен жеке дайындықты талап етеді.Жасанды интелект туралы срапшылардың ойлары әртүрлі болғанымен, бұл пікірлер қоғам мен ортаға үлкен үлесін қосқан.
Стивен Хокинг (физик, ғалым): "Біз жасанды интелект жасауға дайын болмасақ, ол бізді басқаруға алуы мүмкін. Бұл адамзаттың соңғы жаңалығы болуы мүмкін." С.Хокинг жасанды интелекттің болашақтағы мүмкіндіктері мен қауіптері туралы жиі ескерткен. Оның айтуынша, жасанды интелект адамзаттың болашағына үлкен ықпал етуі мүмкін.
Элон Маск (кәсіпкер, Tesla және SpaceX негізін қалаушы): "Жасанды интелект адамзатқа ең үлкен қауіп тудыратын нәрсе болуы мүмкін. Егер біз оған жауапкершілікпен қарамасақ, ол біздің болашағымызды бұзады." Э.Маск қоғам болашағы мен оның қауіпі мен мүмкіндіктерін айтады.
Джеффри Хинтон (жасанды интелект маманы): "Жасанды интелект біздің өмірімізді түбегейлі өзгертеді. Біз оның неғұрлым қуатты, әрі жан-жақты болуын қамтамасыз ететін боламыз, бірақ бұл өзгерістердің бәрі оң болуы міндетті емес." Оның пікірінше, жасанды интелект адамзаттың өмірін оң өзгерістерге әкелуі мүмкін, бірақ мұндай өзгерістерді бақылаусыз енгізу қауіпті болуы мүмкін.
Бұл дәйексөздер жасанды интелекттің адамзат өміріне қалай әсер ететінін, оның әлеуетін және сонымен бірге мүмкін болатын қауіптерді көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі