Өлең, жыр, ақындар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ: Неге Қазақстан Түркия емес?

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ: Неге Қазақстан Түркия емес?

 

Президент 13 маусым 2024 жылы  мемлекеттік орган басшыларын жинап , Ақордада туризм туралы арнайы жиын өткізді. Туризм үшін осылай қырғын жамағатты жинап, жиналыс өткізгеніне қарағанда экономикамыз шынымен өте күрделі жағдайда. Себебі туризм біздің билік үшін, осыған дейін ең соңғы проблема еді. Жалпы ішкі туризмде қандай проблема бар? Және Қазақстан неге Түркия емес?

 

Бірінші мәселе және оны мен негізгі деп есептеймін ол — климаттық жағдай. Қазақстанда күн жылы мезгіл өте қысқа. Туризм ол демалыс. Ал адамдар демалысты күнмен, сумен, жағажаймен байланыстырады. Демек Қазақстан ешқашан жағажай туризмі үшін шетелдік туристерге қызық болмайды.

 

Екінші — географиялық жағдай. Мысалы, сіз үй салатын болсаңыз 15–12 көлемді үйдің материалына жұмсайтын қаражатпен, 7–8 метрлік үйдің керегіне жұмсайтын ақшаның айырмашылығы көп болады. Енді қараңыз Қазақстан сияқты елдің туристік инфрақұрылымын жасауға қаншама қаражат кетеді. Ол: жол, су, жарық, интернет тағы сол сияқты. Және 10 құрылысшыңыз күнде бір-бір кірпіштен ұрлап кетіп жатса, онда әрире бітпейді (жемқорлықты айтамын). Қазақстан суық дедік, Қазақстан үлкен дедік. Енді осыдан мынау проблемалар шығады:

 

1. Суық болғансың отандық туристтер ыстық болатын тамыз бен шілдеге демалыстарын жоспарлайды. Сол уақыттарға сұраныс көп болғансоң демалыс орындарының иелері бағаны қымбаттатады. Сол үшін де бізде дәл осы екі айда елде демалғанша Мысыр мен Вьетнамда демалған арзан.

 

2. Сосын адам көп келіп жатқан соң, сервис ақсайды. Адам көп, не ірі сұмдық уақытта кімнің көңіліне қарап отырсын. Сосын аймақтардағы барлық кафе, ресторан, қонақ үйлерде 8–10 сыныптың оқушылары мен емтихандарын енді тапсырып, жазда ақша тауып алайын деп келген студенттер жұмыс істейді. Күніне 4–5 мың теңгеге жұмыс істейтін жерлерден Түркияның сервисін қалай ұялмай сұрайсың? 

 

Міне осындай себептерден,проблемалардан туризм дамымай жатыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз