Өлең, жыр, ақындар

Әкеге арнау

2006 жылдың қаңтары

Әкемді ажал жалмады.

Көзге ерік беріп жылаудан

Басқа еш амал болмады.

Өзіңді сағынып,әкешім

Ұрпағың еске алады.

Қаншама жылдар өтсе де,

Қайғының сызы қайтпады

Тірлігін жасап ұл-қызың,

Жүректегі мұңын айтпады.

Саулығын тілеп анамның,

Таңымыз біздің атады.

Амандығын тілеп туыстың

Күніміз біздің батады.

Орны толмас қайғыны,

Уақыт емдеп жазады.

Десе дағы жүректе,

Жараның орны қалады.

Өрісің кеңіп бүгін де,

Елдосың шаңырақ көтерді.

Бұл қызыққа жетпедің

Өзекті өкініш өртеді.

Ержетіп қалды егіздер,

 Уақыттың өткені сезілер.

Он бес жыл әке өтсе де,

Сағынып жүрек езілер.

 Қанатын жайып немере,

Келеді сенсіз қатайып.

Сырын бізге білдірмей,

Келеді анам қартайып.

Өзіңді жоқтап жылаймын

Бейнеңді асыл сақтаймын.

Сағынышқа толы жырымды

Әкешім  өзіңе арнаймын.

Жұмақтың төрін берсін деп,

Қол жайып дұға қыламын.

Жаның жәннатта болсын деп,

Хақ Алладан сұраймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз