Қателесу — өмір мен білім алудың бір бөлігі. Көп адам қателік жасаудан қашады не болмаса қорқады,алайда олар–даму мен өзін-өзі жетілдіруге берілген мүмкіндіктер деп санауымыз қажет. Әрбір қате бізге жаңа түсінік сыйлайды: өзіміз туралы, қабылдаған шешімдеріміз және айналамыздағы әлем жайлы. Ең маңыздысы–қателіктен қашу емес, оған қалай әрекет ететініміз.
Қателіктен сабақ алудың алғашқы қадамы-оны шынайы түрде қабылдау. Егер кінәні өзгеге артып,жағдайдан қашуға тырыссақ,онда алға ұмтылу мүмкін болмайды. Ал өзіміз жауапкершілік алып,жағдайды түзетуге тырыссақ, бұл-нағыз жетілудің белгісі. Қателер біздің әлсіз тұсымызды көрсетіп, өсуге бағыт береді.
Келесі маңызды кезең-қателіктің себебін анықтау. Өзіңе: “Бұл не себепті орын алды?”, “Мен қандай шешім арқылы осы жағдайға тап болдым?”, “Бұл жағдайды басқаша шешуге болар ма еді?” деген сұрақтар қою керек.Бұл бізге келешекте ұқсас қателіктерді болдырмауға көмектеседі және өзіңді тануға үйретеді.
Тағы бір маңызды қадам,үйренген нәрселерді тәжірибеде қолдану.Даму нақты әрекет арқылы жүреді. Мысалы, бір әдетіңді түзету, өзгелермен қатынасты жақсарту,осылардың бәрі аз болса да,алға басу. Бұл-жасаған қателіктің бекер болмағанын білдіреді.
Сондай-ақ,өзіңізге тым қатал болмаңыз.Өзін-өзі жанашырлық маңызды.Әр адам қателеседі. Тіпті жетістікке жеткен адамдар да өз мақсаттарына жетпес бұрын бірнеше рет сәтсіздікке ұшыраған.Ең бастысы-үйрену,бейімделу және сол бір қателікті қайта қайталамау
Сондықтанда,қателіктер сәтсіздіктер емес, олар баспалдақтар. Әрбір қате сабақ, ал әрбір сабақ бізді жетістікке жақындатады.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі