Күн сайын біз жүздеген жарнамаға тап боламыз. Бірақ соның қаншасы біздің санамызға әсер етеді деп ойлайсыз?Қазіргі заманда жарнама — тек өнімді сату құралы емес, адамның ойлау жүйесіне, таңдауына, тіпті өмір салтына тікелей әсер ететін күшке айналды. Әлеуметтік желілерден бастап, көше баннерлеріне дейін — жарнама көзге де, санаға да күн сайын әсер етуде.Статистикалық деректерге сүйене отырып, Nielsen компаниясының зерттеуі бойынша орта есеппен адам күніне 5000-ға жуық жарнамалық хабарлама көреді. Оның ішінде санаға әсер ететін және шешім қабылдауға түрткі болатындары — шамамен 10-15%.
Дәлел : Психологтар адамның бір ақпаратты қайталап көру арқылы оны қажеттілік деп қабылдай бастайтынын айтады. Мысалы, теледидардағы бір шоколад жарнамасын 4-5 рет көрген адам дүкенге барғанда дәл соны таңдайды. Бұл — "жадыда қалдыру" эффектісі.
Мысал: Coca-Cola, Apple сияқты брендтердің жарнамалары адамның эмоциясына әсер ету арқылы танымал болды. Олар өнімді емес, көңіл күйді сатады. Harvard Business Review мәліметіне сүйенсек, тұтынушылардың 95%-ы шешімді санадан тыс деңгейде қабылдайды. Яғни, жарнама олардың таңдауларына елеулі әсер етеді.
Жарнама неге әсерлі?
Біріншіден, ол эмоциямен жұмыс істейді — күлу, жанашырлық, армандау арқылы есте қалдырады. Екіншіден, қайталану арқылы адамның есте сақтау қабілетіне сіңіп, автоматты шешімге итермелейді. Бүгінгі цифрлы ғасырда жарнама – адам санасына ықпал етудің ең тиімді тетіктерінің бірі. Біздің не ішіп, не киетінімізге, тіпті қандай өмір салтын ұстанатынымызға дейін жарнама арқылы қалыптасады.
Жарнама — бейтарап дүние емес. Ақпараттың мол ағынында адаспау үшін әр жарнамаға сыни көзбен қарап, оның мақсатын түсініп үйрену қажет. Себебі жарнама — таңдау құқығымызға әсер ететін құрал. Саналы таңдау — сауатты қоғамның белгісі. Маршалл Маклюэн, канадалық медиа-ғалымы:"Жарнама — адамдардың назарын аудартудың ең сенімді құралы.",-деген еді.Жарнаманың қуаты — ақпарат беруде емес, әсер етуде. Сондықтан әр көргенімізге сенбей, оның шынайылығына сын көзбен қарап, жеке таңдауымызды саналы түрде жасағанымыз жөн.
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі