Саналы ұрпақ – жемқорлықсыз болашақ
Біз болашаққа үмітпен қараймыз. Әрбір жаңа күннен жақсылық күтеміз. Әрбір мектеп қабырғасындағы бала ертең еліміздің тірегі болатынына сенеміз. Бірақ сол болашаққа жетелейтін жолдың бойында бір үлкен кедергі тұр – ол жемқорлық.Жемқорлық – тек пара беру емес. Ол – әділдіктің жойылуы, еңбектің еленбеуі, арманның аяқасты болуы. Бұл індеттен қоғамның әрбір саласы зардап шегеді: білімде – біліксіз маман, медицинада – науқастың өмірін емес, ақшаны ойлайтын дәрігер, саясатта – халық емес, қалтасын ойлайтын басшы пайда болады.2023 жылы елімізде 1 600-ден астам жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркелген. Мемлекетке келген залал миллиардтаған теңгені құрап отыр. Бұл – балабақша салуға, жастардың оқуына, ауылдағы жолды жөндеуге жұмсалатын ақша. Бірақ ол ақша әділ жолмен емес, қалталар арқылы “жоғалады”.Сонда не істеуіміз керек?Біріншіден, бұл індетпен күресті үлкендер ғана емес, біз – жастар да бастауымыз керек. Адалдықты мектептен бастап үйрену – ең дұрыс қадам. Мысалы, ҰБТ-ны шпаргалкасыз тапсыру, досыңның жазбасын көшірмеу, әділ баға алу үшін еңбектену – бұл қарапайым, бірақ маңызды қадамдар.Екіншіден, қоғамда әділдік орнату – әрқайсымыздың міндетіміз. Егер сен бір күн адал жүрсең, сенің айналаңдағы адамдар да соған қарап өзгереді. Жемқорлық – бір адамның немесе бір мекеменің мәселесі емес. Бұл – бүкіл ұлттың келешегі.Үшіншіден, болашақ маман ретінде өзімізге уәде беруіміз керек: “Қай салада жүрсем де, адал боламын. Таныс емес, талант арқылы. Пара емес, парасат арқылы жол табамын”. Егер осылай өмір сүрсек – біздің еліміз шын мәнінде дамыған, әділ қоғамға айналады.Саналы ұрпақ – жемқорлықсыз болашақтың кепілі. Біз – сол саналы ұрпақпыз. Біз – еліміздің ертеңіміз. Біз – адалдықтың жолын таңдаған, жүрегі елім деп соққан буынбыз.
Мақаланы жазған: Тілеген Алтынай 163 мектеп лицейінің
11 сынып оқушысы
Алматы қаласы
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі