«Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесін Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы, ТҮРКСОЙ-да шешім қабылдаған болатын. Бұл шешім 2024 жылдың қараша айында Түрікменстан астанасы «Ашхабадта» қабылданды. Осылай, Ақтау қаласы «Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» болып құрметпен жарияланды. Осы кезден бастап, каспийдің жағасында орналасқан қаламыз, бүкіл түркінің мәдени жүрегіне айналған болатын. Бұл мәртебелі атаққа орай Ақтауда кең ауқымды салтанатты ашылу рәсімі мен үлкен концерт ұйымдастырылды. Шараға тек Қазақстандықтар ғана емес, бүкіл түркі халық өкілдері де атсалысты.
Тарих пен қасиетті мекені:
Ақтау- Маңғыстау өлкесінен шыққан әсем қала. Бұл аймақ – Қазақстанның ең көне мекендерінің бірі. Мұнда қола дәуірінен қалған мүсіндер, жерасты мешіттері және түрлі қорымдар бар десем қателеспеймін. Мұнда еліміздің жалғыз- Ақтау халықаралық теңіз сауда порты орналасқан. Бұл порттын пайдасы Қазақстан тек Каспий маңындағы елдермен ғана емес, Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік сауда жолына да шығу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, қаламыз туризм, мұнай-газ өнеркәсіптеріне де бай. Сол себепті, бүгінгі күнде Ақтаудың «Түркі әлемінің мәдени астанасы» атануы – осы бай мұраның жалғасы десекте болады.
Түркі халқының Ақтау қаласына тамсануы:
5 сәуір күні Ақтауда өткен ресми ашылу салтанатына орай үлкен концерт қойылды. Бұл шараға: Қазақстан,Әзербайжан, Қырғызстан,Түркия,Өзбекстан,Түрікменстан және Венгрияның өкілдері қатысты. Бұл елдердің мәдениет министрлері, ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері және халықаралық ұйымдардың басшылары бас қосып, түркі халықтарының мәдени ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдап келген болатын. Гала-концертте түркі әлемінің танымал өнерпаздары, атап айтсақ: Қазақстан атынан әлемге танымал Димаш Құдайберген мен еліміздің заманауи Kalifarniya тобы өнер көрсетті. Әзірбайжан эстрадасының жұлдызы Роза Зәргерлі өзінің әсерлі әндерін орындады. Сонымен қатар, Қырғызстаннан келген Мейірбек Атабековтің әндерін де халық сүйіп тыңдаған болатын. Және де Өзбекстаннан «Ялла» тобының өнерлерін қуана-қуана тамашалады. Онымен қоса, әр елден келген би ансамбльдері мен ұлттық билер мен әндерді орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Теңіз жағалауында бір емес екі сахна қойылып, 7 ауылдан тұратын этноүйлермен ерекшеленген. Бұл ауылдардың ерекшелігі: шетелден келген халықтарына, киелі Маңғыстаудың салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары мен ұлттық ойындары таныстырылды. Ең маңыздысы, бұл салтанатты шараға 100 мыңға жуық көрермен жиналып, түркі халықтарының назарын тудырған болатын.
Қорытындылай келе, Ақтаудың аспаны биыл бұрынғыдан да жарқырады. Бұл жарық – тек Каспийден көрінетін күн деп емес, бұл – ортақ түркі рухының нұр сәулесі деп атауға да болады. Бұл күн – әр қазақ халқы үшін бүгінге мақтаныш, ертеңге үміт арту күні болды. Сондай-ақ, түркі елдері арасындағы рухани байланысты күшейтіп, бауырмалдығымыз арта түсті. Түркі әлемінің мәдени астанасы болу әрине зор жауапкершілік. Бірақ, Ақтау үшін бұл міндетті абыроймен атқаруға еш қиындық туғызбайды деп ойлаймын. Өйткені, Ақтау – тарихтың өзі. Ақтау – рухтың шаңырағы. Ақтау – бауырлас халықтарды біріктіретін жүрек көзі.
- Архимед
- Оноре де Бальзак
- Александр Пушкин
- Антон Чехов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі