Өлең, жыр, ақындар

Қыз өз сүйіспеншілігін қалай көрсетеді?

Адамдар әрқашан ер адамның махаббаты туралы айтады. Сыйлықтарды қалай беретіні, қалай қамқорлық жасайтыны, қалай жақсы көретіні туралы. Бірақ сіз қыздың да сүйе алатынын білесіз бе? Ол да ессіз, кейде үнсіз сүйе алады. Оның сөзі емес, оның әрекеті бәрінен хабар береді. Сонымен, қыз өз сүйіспеншілігін қалай көрсетеді? Мүмкін кейде ер адамдар әйелдің сезімін осылай көрсеткенін білмей, оның әрекетін төмендететін шығар.

1. Бұл хабарламалар. Біз алдымен ерлердің жазатынына, жағдайды сұрайтынына үйреніп қалғанбыз. Бірақ ғашық қыз баласы өзінің сүйікті адамынан хабар алуға әрқашан қуанышты. . Оның хал-жағдайын, күні қалай өткенін, тамақ жеді ме, не жаңалық бар екенін қуана сұрайды. Иә, кейде ол бірден жауап бермеуі мүмкін, бірақ ол бірінші жаза алады.

2. Оның көзқарасы. Махаббат пен үмітке толы көзқарас. Сүйіспеншілікке толы көзқарас, оған қарап сіз бақыт пен махаббат теңізіне батып барта жатқандай сезімде боласыз. Ол ашулы көрінсе де, бәрі махаббаттан. Сіздің үлкенді-кішілі сыйлықтарыңыз, назар аударатын белгілеріңіз, сіздің еркектік әрекеттеріңіз оның көздерін сүйіспеншілікке толтыратыны сонша, оларға қарап өзіңіз де бақыттысыз, өзіңіз де махаббатқа толысыз.

3. Қамқорлық пен қолдау көрсету. Неліктен ол пештің жанында тұрып, дәмді тамақ пісіруі керек? Мүмкін ол тапсырыс бергісі келетін шығар, мүмкін оның өзге де шаруалары көп шығар. Бәрі де ер адамды тамақтандыру үшін. Үйде дайындалған дәмді тағамды жеп, күш-қуат алуыңыз үшін. Сіз тамақтанып болғаныңызда, ол сізге майлық бергенде, бұл қамқорлық емес пе? Жұмыстан шаршап келсеңіз, сүйіп құшақтайды. Ер адам мұны қарапайым іс-әрекет деп санауы мүмкін, бірақ ол өзінің сүйіспеншілігін осылай көрсетеді. Сіз шынымен шаршап, өзіңізді нашар сезінсеңіз, сіз оның иығына жылай аласыз. Ол әлемге еркектердің де жылайтынын айтпайды, сіздің басыңыздан сипап, ақырын ғана құшақтайды. Ал қолдау және мотивация сөздері осының бәрі махаббат емес пе?

4. Әңгімелесулер. Иә, сіз жақсы көретін адаммен, тіпті үнсіздік те көп нәрсені айта алады. Оның күнінің қалай өткені туралы әңгімелері немесе кейбір телехикаялар туралы әңгіме арқылы сізбен ашық сөйлесуді қалай сағынғанын айтқысы келеді.

Ортақ мақсаттарыңыз және сіздің бастамаларыңызда әйелдің қолдауы. Шын мәнінде, мұның бәрі көп нәрсені білдіреді.

Ер адамдар, мұның бәрін жай ғана әрекет деп қабылдамаңыздар, бағалаңыздар. Қыздар, сүйіспеншілігіңіз бен қамқорлығыңызды көрсетуден қорықпаңыз. Біз тек бір рет өмір сүреміз. Шынайы махаббатты жиі мойындаңыз және бір-біріңізге қамқорлық жасаңыз. Махаббаттарыңыз адал әрі екіжақты болсын!

Құрметпен, Айнұр Мұратқызы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз