Өлең, жыр, ақындар

Шоқан Уәлиханов-қазақтың тұңғыш ғалымы

Шоқан — қазақтың тұңғыш ғалымы

Қазақ халқының XIX ғасырдағы рухани,ғылыми даму жолындағы

ерекше орын алатын ұлы тұлғалардың бірі — Шоқан Уәлиханов. Ол

— қазақ халқының тұңғыш ғалымы, ағартушысы,тарихшысы және

саяхатшысы.Шоқан өзінің қысқа ғана өмірінде,зерделі

еңбектерімен қазақ халқының мәдениеті мен ғылымының дамуына

үлкен үлес қосты. Оның есімі тек қазақ халқына ғана емес, бүкіл

Шығыс халықтарының тарихында үлкен әріптермен жазылды.

Шоқанның өмір жолы мен қызметі — білімге,оқуға деген шексіз

махаббаттың терең сүйіспеншіліктің үлгісі.

Шоқанның жастайынан зеректігі мен білімге құштарлығы ерекше

байқалды. Ол араб, парсы, түркі және орыс тілдерін еркін меңгерді.

Шоқанның ғылыми қызығушылықтарының аясы өте кең болды. Ол

Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихын,

мәдениетін,географиясын жан-жақты зерттеді.

Өз заманында ағартушылық идеяларды кеңінен насихаттады. . Ол

қазақ даласында дүниелік пәндерді оқытатын жаңа үлгідегі

мектептер мен оқу орындарын ашу қажеттілігін бірнеше рет атап

өткен.Мысалы, ол 1850–1860 жылдары жазған

жазбаларында:«Қазақ халқының болашағы – жастардың білім

алуында» – деп көрсеткен. Бұл ой арқылы ол білімнің қоғам

дамуының негізгі құралы екенін түсіндіріп, халықты оқуға, ғылымға

шақырды.Ол қазақ қоғамының артта қалуының негізгі себептерін

білім мен мәдениеттің жетіспеушілігінен деп түсінді.

Шоқанның ғылыми мұрасы тек XIX ғасыр үшін ғана емес, қазіргі

заман ғылымы үшін де аса құнды. Оның зерттеулері Орта Азия мен

Қазақстан халықтарының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын терең

түсінуге көмектесті.

Шоқан — қазақ ғылымының негізін қалаған тұлға деп білеміз.Ол

алғаш болып қазақ халқының өткені мен бүгінін ғылыми тұрғыдан

зерттеуге жол ашты. Оның еңбектері бүгінгі күнде баға жетпес

дерек болып табылады. Сонымен қатар, Шоқанның ағартушылық

көзқарастары бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесі мен

мәдени саясатына да үлкен әсер етті.

Шоқан Уәлиханов — қазақ халқының мақтанышы, тұңғыш ғалымы

әрі ұлт руханиятының жарық тұлғасы. Ол бар болғаны 30 жыл өмір

сүрсе де, өз халқының тарихында өшпес із қалдырды. Оның

еңбектері арқылы қазақ халқы әлемге танылды. Білім мен ғылымға

деген сүйіспеншіліктің, ұлтқа қызмет етудің айқын үлгісі. Ол өз

заманының ғана емес, бүкіл ұлттың болашағы үшін еңбек етті.

Бүгінгі күні де оның идеялары мен мұралары жастарға үлгі-өнеге

болып қалды.

Шоқан Уәлиханов — тек өткеннің тұлғасы емес, ол — болашақ

ұрпаққа бағыт-бағдар беретін жарық жұлдыз. Оның аты қазақ

ғылымының бастауында мәңгілік сақталып, ұлт тарихының алтын

беттерінде мәңгі жазылады.

 

                                                     Лесбай Інкәр,

                                      ҚазҰУ-дың 1 курс студенті.

                                      Ғылыми жетекші: ф.к.ғ.,

                                     доцент Р.Жақсылықбаева


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар