Өлең, жыр, ақындар

«Жас азамат» газеті-жас ұрпаққа жанған ұран

 

Қазақ елінің тарихында әр дәуірдің өз үнін,өз мұратын жеткізген ұлт рухының айнасы-баспасөз болды.Ерекше жастардың рухын көтерген басылымдардың бірі-«Жас азамат»газеті.Бұл газет азаттық жолында күрескен қазақ жастарының үні ,олардың арман-мұратын бейнелеген тарихи мұра.

«Жас азамат»газетінің тарих бетіне алғаш шыққан жылы-1918 жыл еді.1918 жылы 5-13мамыр аралығында Омбы қаласында өткен жалпықазақ жастарының съезінде құрылған  ұйым.Оның төрағалығына М.Мырзаұлы сайланады.Басқарма мүшелері болып С.Сәдуақасұлы,М.Сейітұлы,Г.Досымбекқызы сияқты қазақтың озық ойлы жастары кіреді.Бұл жастар тек өзін жариялап қана қоймай,сол жылдың 30-шілде Қызылжар қаласында «Жас азамат»газетін шығарды.Оның редакторы болып 21 жастағы Қошке Кемеңгерұлы тағайындалды.

Қошке(Қошмұхамбет)Кемеңгерұлы -«Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы кезеңінің көрнекті қайраткері ,дәрігер,журналист.1896 жылы 15 шілдеде Ақмола облысы,Омбы уезі, Теке болысы, Қаржас ауылында дүниеге келген.

«Жас азамат»-атының өзі айтып тұрғандай жастықтың,жігер мен намыстың үні болатын.Ол кезде ел тағдыры шешіліп,ұлт болашағы сынға түскен шақ.Осындай күрделі кезеңде өмірге келген газет жас ұрпақты оятуға,ел мүддесін қорғауға шақырды.

Басылымның әр мақаласы -елдік пен еркіндіктің жаршысы,тәуелсіз ойдың тұмары болды.Газет бетінде сол дәуірдің белгілі тұлғалары Мағжан Жұмабаев,Мұхтар Әуезов,Сәкен Сейфуллин сынды қаламгерлердің еңбектері жарық көрді.

«Жас азамат» газетінің беташар сөзі болған «Жас тілек» деген мақалада: Келешектің қараңғылығы, саяси ауаның күн сайын құбылуы, ұлттың өмірлік құқықтары аяқ астына тапталып, зорлықтың үкім сүруі жайлы өзекті мәселелерді көтеріп отырған.Мысалы:«Жас азамат тәуекел кемесіне мініп,тұрмыстың таласатын,күресетін майданына шықты.»-деп жазылды.Бұл сөздер сол дәуірдің күрескер рухын дәл бейнелейді.Мақала арқылы қоғамға газеттің шығу себебі мен мақсатын айқындап береді.

Газет бетінде тек саяси-әлеуметтік мақалалар ғана емес,сонымен қатар ұлт рухын оятқан көркем өлеңдер де шығып отырды.1919 жылы Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!» атты өлеңі басылып шықты.

•Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты -

Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бiр таңда,

Мен жастарға сенемiн!

Бұл өлең қазақ жастарын білім мен бірлікке шақырып,ұлт болашағына сенім ұялатқан маңызды зор туынды еді.

Қиын кезеңдерде жарық көрген «Жас азамат»газеті  ұзақ өмір сүре алған жоқ.1919жылы азамат соғысының өршуі мен саяси тұрақсыздыққа байланысты газет өз жұмысын тоқтатты.Бірақ оның рухы мен идеясы қазақ халқының жадында сақталып қалды.Бүгінгі ұрпақ үшін газет-өткен мен бүгінді жалғап тұратын алтын көпір.Тарихтағы «Жас азамат»сол ұрпақтың үні болса, бүгінгі жастар-сол рухтың жалғасы.

 

 

ҚазҰУ журналистика факультетінің 1-курс студенті Сұлтанмұрат Амина
Ғылыми жетекші:фил.ғ.к.доцент Р.С.Жақсылықбаева


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз