«Торғай газеті: Қазақ даласындағы алғашқы публицистикалық бастау»
Қазақ даласының тарихында әр облыстың өз мәдениеті мен қоғамдық өмірін бейнелейтін газеттер маңызды рөл атқарған. Солардың бірі – «Торғай» газеті. Бұл басылым тек ақпарат көзі ғана емес, елдің рухани өмірін, мәдениетін және әлеуметтік мәселелерін көрсетуге қызмет еткен маңызды құрал болды.«Торғай» газеті 1895 жылы Торғай облыстық басқармасы арқылы жарық көре бастады. Алғашқы редакторы Э.Балынбаев болды. Ол өз мақалаларында қоғам өмірін, оқиғаларды жариялаумен қатар, қазақ тілінде шыққан материалдарды орысша газеттерге аударып отырды.Газет өзінің публицистік қызметін 1895 жылғы 45-нөмірінен бастады. Сол санында «Карабутактаты қыздардың орыс-қазақ училищесінің ашылуы» мақаласы жарық көрді. 1904 жылы 48-нөмірінде «Қырғыз» (қазақ жұртының очерктері) және «Бесіктен молаға дейін» атты фельетон жарияланды.
«Торғай» газеті қазақ тілінде таза публицистикалық материалдар жариялауды бастау алды. Онда:
• Сыни мақалалар
• Фельетондар
• Ауыз әдебиет үлгілері
• Ш.Уәлиханов пен Б.Алтынсариннің еңбектері мен өмір жолы
материалдары жарық көрді. Газет қазақ тілін дамытуға, оқырманға білім беру мен мәдени ағартуға ерекше көңіл бөлді.
Материалдар көбінесе қазақ тілінде жарияланып, араб әріптерімен жазылды. Бұл қазақ халқының әдеби тілін қалыптастыруға үлес қосып, оқырманға рухани және мәдени ақпарат жеткізді.
«Торғай» газеті тек ақпараттық құрал ғана емес, халыққа қоғамдық сана мен мәдени құндылықтарды жеткізетін маңызды бастау болды. Газет арқылы қазақ жастары мен оқырман ағартушылыққа тартылып, ауыл тұрғындарының білім алуына жағдай жасалды. Сонымен қатар, сыни мақалалар арқылы қоғамдағы өзекті мәселелер ашылып, пікір алмасу мүмкіндігі пайда болды.
«Торғай газеті» – қазақ журналистикасының алғашқы қадамдарының бірі. Ол халыққа тек жаңалық беріп қана қоймай, мәдениет пен білімді насихаттап, публицистикалық ойды қалыптастыруға ықпал етті. Газет тарихы қазақ даласының рухани өмірін, әлеуметтік мәселелерін және мәдени дамуын көрсететін маңызды құжат болып саналады.
Жазған: Саулетжан Аружан, ҚазҰУ-дың 1-курс студенті
Ғылыми жетекші: фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі