Футбол — спорттың ең танымал және көпшілік сүйетін түрлерінің бірі. Бұл спорт тек техникалық шеберлік пен төзімділікті ғана емес, сондай-ақ командалық рух пен ынтымақтастықты талап етеді. Осы талаптарға сай келе алатын командалардың бірі — Университеттің Тұран футбол командасы.
Осы уақытқа дейінгі Тұран командасының жетістіктері айтарлықтай көп. Айта кететін жайт, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап,студенттер лигасында команда өзін жақсы жағынан көрсете білді. Лига барысында Тұран футболшылары 7 ойын өткізіп, оның алтауын жеңіспен аяқтап, бір ойында есепті теңестірді. Сонымен қатар, жетінші ойынға қарсылас команда белгілі бір себептермен қатыса алмағандықтан, Тұран командасы техникалық жеңіске ие болды. Осы нәтижелерге сәйкес команда турнир кестесінде сенімді орынды иеленді. Команданың бас бапкері — Алимбетов Қуанышбек Кішкенбаевич.
16-20 қараша аралығында Астанада Қазақстан университеттері арасында футзалдан өтетін U лига чемпионаты ұйымдастырылады. Бұл жарыс студенттік спортты дамытуға және командалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара.Өткен 2024 жылғы лигада Тұран университетінің футбол командасы 2-ші орынды қанжығаларына байлаған.Осы жылы Тұран футбол командасы алдағы турнирге дайындалып, жоғары нәтиже көрсетуге ұмтылатынын жеткізді.
Осылайша, Тұран командасы студенттік спорттағы жоғары деңгейдегі ойындарымен және жүйелі жұмыспен алдағы жарыстарда да өз позициясын нығайтуды көздеп отыр.
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі