Өлең, жыр, ақындар

Сырға тұнған Семей - шабыт мекені

Биыл ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр.Осы атаулы мереке аясында мен Семей қаласында өткен Халықаралық Абай оқуларына қатыстым.Абай еліне табан тіреген сәттен-ақ жүрегімде ерекше толқу сезімі оянды.Семейдің әр тасы, әр көшесі тарих пен руханияттың иісі сіңген сырлы әлемдей көрінді.

Абай мұражайына кіргенде, ақынның өмірі мен мұрасын көзбен көргендей әсерге бөлендім.Жидебайдағы қоңыр жел, кең дала мен тыныштық - бәрі де адамды терең ойға жетелейді.Ақынның туған жерін көру - мен үшін рухани жаңару мен шабыттың бастауы болды.

Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген жас дарын қатысты.Солардың арасынан оза шауып, III орын иелену - мен үшін үлкен мақтаныш.Бұл жетістік - менің ғана емес, мені қолдаған ұстаздарым мен жақындарымның жеңісі.

Мен ол жерден шабыт, сенім және жаңа мақсатпен оралдым.Сырға тұнған Семей - менің жүрегімдегі рухани мекенге айналды.Абай еліне барған әр сәт - менің болашаққа жол ашқан ең қымбат естелігім болды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз