Кітап оқудың маңызы және жастар арасындағы кітап мәдениеті
Қазіргі заманда технология қарқын дамуды.Кез келген ақпаратты жылдам әрі оңай ала алатын деңгейге жеттік.Алайда қолжетімділік артқан сайын кітап оқудың маңызы төмендеп жатқандай көрінеді.
Кітап-адамның ғасырлар бойы жинаған байлығы.Ол тек білім көзі ғана емес,адамның өз ойының қалыптасуына тікелей әсер ететін өте маңызды құрал.Менің ойымша, кітап оқу-адамның өзімен-өзі тілдесетін ең тыныш, әрі ең пайдалы уақыттарының бірі. Кітап оқу адамның ойлау қабілетін арттырып,сөздік қорын байытады.Кітап оқыған адам өз ойын нақты жеткізе алады,сауатты сөйлеуді үйренеді.Сонымен қатар кітап адамды сабырлыққа,төзімдікке өз ойын еркін жеткізуге,түсіністікке тәрбиелейді.Менің ойымша бұл қасиеттер әсіресе жасөспірімдер мен жастар үшін өте қажет.Кітап арқылы адам өз қателігін түсініп,өзгелердің өмірінен сабақ алады.Кітап оқу-тек білім жинау емес,тұлға ретінде қалыптасудың маңызды бір бөлігі. Қазіргі жастар туралы айта өтсем,кітап оқу бұрыңғыдай басты орында емес екені ауыр шындық.Көбіміз керек ақпаратты кітаптан ізденбей, әлеуметтік желіден алуға дайын тұрамыз. Бірақ ондай ақпарат адамды ойландырмай,дайын ақпаратты көшіруге бейімделеміз.Ал кітап оқыған адам асықпай,ой қорытып барып,өз білімімен жазады. Менің ойымша,кітаптың ең үлкен пайдасы-осы.Сонымен қатар,кітап оқу жастарды өзін-өзі дамытуға үйретеді.Кітап оқып үйренген жастар өз уақытын тиімді пайдаланады.Кітапты көп оқыған сайын қызығушылығы да арта түседі.Бірақ, жастар арасында мүлде қызығушылық жоқ деп айту дұрыс емес.Қазір де кітап оқитын,пікір алмасатын,өзінің сүйікті авторларын талқылайтын жастар да аз емес.Кітапты тек міндет ретінде ғана емес,қажеттілік ретінде қабылдау керек сияқты.Сонымен қатар,кітап оқу жастарды жауапкершілікке және өзін-өзі дамытуға жетелейді.Кітаптың адам өміріндегі орны ешқашан төмендеген емес. Ойымды қорытындылай келе,кітап -адамның ішкі дүниесін байытатын,ойлау қабілетін тереңдететін аса маңызды құрал. Жастар кітапті көп оқыса,өз ойын еркін жеткізе алатын,өмірге саналы көз қараспен қарайтын тұлға болып қалыптасары сөзсіз.
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
- Ханна Арендт
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі