Өлең, жыр, ақындар

Тарих және мәдениет

Тарих пен мəдениет кез келген халықтың рухани тірегі. Өткен мен бүгінді жалғайтын құралдардың бірі. Сол мəдениет пен тарихты дəріптеушілер олар келер ұрпақ болып саналады. Халықтың бастан өткен оқиғалары,салт-дəстүрлері,ырымдары сонымен қатар тіліміз ,мəдениет пен тарихтың негізгі кепілі. Сондықтан да түпкі тамырымызды білу-тарихты тану, ал мəдениетімізді сақтай білу ол болашаққа деген жауапкершілігімізді көрсете білу. Еліміздің тарихы ежелгі ғасырдан бері бастау алады. Мысалға айта келсек: сақтар,ғұндар,түркі қағанаттары қазақ жерінде мекендегені - тарихымыздың жоғарғы деңгейде болғанын көре аламыз. Ұлы Жібек жолы (ҰЖЖ) арқылы өнердің, ғылым мен білімнің жəне мəдениеттің дамуына ықпал еткен болатын. Осы кезеңде мəдениет пен тарих халықтың рухани құндылықтарының қалыптасуына ықпалын тигізіп,негізін қалады. “Қазақ мəдениеті не арқылы қалыптасты?” деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Қазақ мəдениеті- ауыз əдебиеті,музыка,қолөнерлер мен ұлттық салт-дəстүрлер арқылы көрініс табады. Айтыс,күй,жыраулар,жыр-дастандар халықтың рухани байлығын көрсетеді. Қазақ халқы өзіндік қонақжайлылығымен,үлкенге құрмет-кішіге ізет көрсету секілді құндылықтарға бай, жəне ол ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді жəне жалғасады да. Жалпылама қорытындылай келе, тарих пен мəдениет-халықтың жадын сақтаушы негізгі құрал. Оларды зерттеу жəне насихаттау- əрбір адамзаттың парызы деп есептейміз. Өткенің бағалай білген халықтың ғана болашағы жарқын болады


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз