Өлең, жыр, ақындар

Саты

Саты

        Үш жасар қыз әкесінен саты сұрайды. 
Әкесі таңданып: - Сатымен қайда көтерілмексің? - дейді.
Қыз:
- Сатымен бұлттарға жетіп, соның үстінде отырған Аллаһты құшақтаймын! - деп былдырлайды бүлдіршін. 
Әкесі көзіне жас алып, қызын құшақтап:
- Егер Аллаһты құшақтағың келсе, намаз оқы! Сәжде жаса! - деп жауап береді.
Қыз қуанып:
- Сонда сіздің намазда қолыңызды кеудеңізге қойғаныңыз, Аллаһты құшақтағаныңыз ба?! - дейді көзі бал-бұл жанып.
Әкесі:
- Ия, қызым! Кім намазын шын жүрекпен, қол байлап оқиды, ол адам расымен де Раббысын жақсы көреді. Ол үшін бұлттарға шығудың қажеті жоқ. Намазды тек Аллаһтың сүйген құлдары оқиды! - деді.
         Кішкене бүлдіршін жайнамазды жайып, үстінде рукуғ,  сәжде жасады.  Сосын ойыншықтарымен бірге сол жерде ұйықтап қалды. Аллаһ қыз балаларға ерекше мейірімді...

Гүлмекен Қасенбай
28.12.2025


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа да жазбалар