Өлең, жыр, ақындар

Уақ

Уақ деген ел ескі шежірелерде жоқ, Абылай хан заманында ғана айтылады. Орыс жазушылары керейден шыққан ел болса керек дейді. Себебі орыс әскері алғаш жолыққанда керей, уақ аралас екен және таңбасы да - керейдің креш таңбасы. Балкашин деген кісі «уақ атасы - Еркөкше, ол Айдарханның баласы, ол Қамбархан нәсілінен» дейді. Бұл сөз қазақтың дәлелсіз сөзі сықылды көрінеді. Левшин менен Балкашин уақтың «Сарбағыс деген табы - 1750 жылдан асқан кезде Абылай хан қара қырғызды шауып алып келген тұтқындарының нәсілі» дейді. Менің ойымша, уақ деген - ұсақ ел деген сөзден. Арғын, найман, керей ішінде ұсақ ата жиылған болар.
Біздің білгеніміз, мұндағы уақ аталары - Сарман, Шұға. Сарманның екі баласы - Қарагөз, Көкшегөз; Шұғаның бес баласы - Сарбаян, яки Сарбағыс, Сарша, Байымбет, Мұрат, Сіргелі.
Және бір сөз: Аристов сөзінше, Мауренаһардағы өзбек ішіндегі найман атанған үш ру бар - садырбек, қостамғалы, уақтамғалы. Солар «қазақпын, қоңыратпын найманнан бөлінген» дейді, сол уақтамғалы уақ болуға мүмкін.

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз