Көз алдыңызға елестетіңіз қалтаңызда 1000 теңге бар.Сабақтан кейін дүкенге кірдіңіз.Алдыңызда тәттілер ,сусындар,чипсы....Бір сәтте ақшаңыздың қалай жұмсалып кеткенін де байқамай қалдыңыз.Ал сол 1000 теңге бір аптаға жетуі мүмкін еді.Бұл жағдай көпшілікке таныс,солай емеспе?
Қазіргі таңда жастар арасында ақшаны жоспарламай жұмсау жиі кездеседі.Көбіміз ақшаның қайда кеткенін есептемейміз.Ұсақ шығындар маңызды емес сияқты көрінеді,бірақ дәл сола ақшаның көрінбей жоғалуына себеп болады.
Эконамистер ақша-жақсы қызметші, бірақ жаман қожа дейді.Егер адам ақшаны басқара алмаса,ақша оны басқара бастайды.Ал ақшаны дұрыс пайдалануды үйренген адам болашақта қиындыққа аз тап болады .
Оқушы үшін қаржылық сауаттылық-үлкен өмірге дайындық.Қалта ақшаны бөліп жұмсау ,бір бөлігін жинақтау ,қажет пен қажет еместі ажырата білу-өте маңызды дағдылар.Мысалы,күн сайын тәттіге жұмсаған ақшаны бір ай жинасаңыз,пайдалы кітап немесе спорттық құрал алуға болады.Қазіргі қоғамда табысты болу үшін тек жақсы оқу аздық етеді.Ақшаны дұрыс пайдалана білу де қажет.Өйткені бүгінгі 1000 теңгені қалай жұмсағаныңыз-ертеңгі әдетіңізге айналады.
Қорытындылай келе ,ақша -тек қағаз емес,ол жауапкершілік.Ақшаны саналы жұмсауды бүгіннен бастасақ ,ертең өз өмірімізді де дұрыс басқара аламыз.Ал сіз өз 1000 теңгеңізді қалай жұмсар едіңіз?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Жалаладдин Руми
- Жалаладдин Руми
- Қасым-Жомарт Тоқаев
- Қасым-Жомарт Тоқаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі