Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді, жаңашыл әрі батыл бөлігі. Тарихтағы маңызды өзгерістердің бастауында көбіне жас буын тұрған. Соның бір дәлелі – Желтоқсан оқиғасы. 1986 жылы қазақ жастары ұлттық намысты қорғап, тәуелсіздікке деген ұмтылыстың символына айналды. Ал 1991 жылы Қазақстан егемендік алғаннан кейін жастар ел дамуының маңызды тірегіне айналды.
Қазіргі кезеңде білім мен технология – дамудың басты факторлары. Болашақ бағдарламасы арқылы көптеген жас шетелде білім алып, елге оралып, түрлі салада еңбек етуде. Жастар инновация, кәсіпкерлік, еріктілік бағыттарында белсенділік танытып келеді. Стартап жобалар, цифрландыру үдерісі, жасыл экономика бастамалары – жас буынның тың идеяларының нәтижесі. Олар экономиканың жаңа бағыттарын дамытуға үлес қосып отыр.
Жастар қоғамдық өмірден де шет қалған емес. Еріктілік қозғалыстарына қатысып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады, экологиялық мәселелерге назар аударады. Әлеуметтік желілер арқылы пікір білдіріп, қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтереді. Бұл – азаматтық жауапкершіліктің артып келе жатқанын көрсетеді. Жастар – елдің ертеңі ғана емес, бүгінгі дамуының да қозғаушы күші. Оларға сапалы білім беріп, мүмкіндіктер жасау – мемлекеттің тұрақты дамуының негізі.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Абдумуталып Нурсая
-
- Виктор Франкл
- Фридрих Ницше
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі