Фильм – адамды өзге әлемге жетелейтін, эмоция сыйлайтын ерекше өнер түрі. Кино арқылы біз тарихты да, болашақты да, адам жанының терең иірімдерін де тани аламыз. Сондықтан фильм көруді тек уақыт өткізу деп қарастыру қате. Ол – ойландыратын, тәрбиелейтін әрі талғам қалыптастыратын мәдени құбылыс.
Кино өнерінің қалыптасуы
Кино өнері XIX ғасырдың соңында пайда болды. 1895 жылы алғашқы фильмді көпшілікке көрсеткен ағайындылар – Люмьер ағайындылары. Осы сәттен бастап кино адамзат өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде әлемдік кино индустриясы – миллиардтаған доллар айналымы бар ірі сала. Мысалы, Avatar фильмі әлем бойынша ең көп табыс тапқан жобалардың бірі саналады. Ал АҚШ-тағы Голливуд әлемдік кино орталығы ретінде танымал. Қазіргі таңда кинотеатрмен ғана шектелмейміз. Netflix сияқты онлайн платформалар фильмдерді кез келген жерде көруге мүмкіндік берді. Бұл кино өндірісіне жаңа бағыт пен серпін әкелді.
Қазақ киносының дамуы
Қазақстанда кино саласы ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады. Қазақ киносының іргетасын қалаған ірі студия – Қазақфильм. Тәуелсіздік жылдарынан кейін отандық кино жаңа деңгейге көтерілді. Қазіргі режиссерлер ұлттық болмысты, тарихты және отбасы құндылықтарын заманауи тәсілмен көрсетіп келеді. Соңғы жылдары қазақ фильмдері халықаралық нарыққа да шыға бастады. Мысалы, 2025 жылы түсірілген Ауру фильмі шетелдік көрсетілімге ұсынылды. Бұл – отандық кино индустриясының өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Қазақстандағы кассалық табыс бойынша танымал фильмдер
– Режиссері: Нуртас Адамбай
– Жинаған табысы: шамамен 1,2 млрд теңгеден аса
– Ерекшелігі: жеңіл юмор, шетелдегі қазақ менталитеті, отбасы тақырыбы
– Режиссері: Дархан Сәркенов
– Жинаған табысы: шамамен 1,8 млрд теңге
– Ерекшелігі: заманауи махаббат хикаясы, жастарға жақын сюжет
3. Дәстүр
– Режиссері: Қуаныш Бейсек
– Жинаған табысы: шамамен 1,7 млрд теңге
– Ерекшелігі: ұлттық салт-дәстүр мен мистиканы заманауи форматта ұсынуы
4. Рэкетир
– Режиссері: Ақан Сатаев
– Жинаған табысы: шамамен 1,1 млрд теңге
– Ерекшелігі: 2000-жылдар атмосферасы, ностальгия, қылмыс әлемінің бейнесі
5. Zamanback
– Продюсерлік жоба
– Жинаған табысы: шамамен 1 млрд теңгеге жуық
– Ерекшелігі: қаржы және заманауи қоғам мәселелерін юмормен жеткізуі
Қызықты деректер
– Қазақстанда ең көп табыс әкелетін жанр – комедия.
– 2023–2024 жылдары бірнеше фильм 1 млрд теңгеден астам касса жинады.
– 2024 жылы отандық прокаттан шамамен 22 млрд теңге табыс түскен.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Дәуренқызы Жанайым
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
-
- Виктор Франкл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі