Қазақстан футболының болашағы – жас ойыншылардың қолында. Қазіргі таңда бірнеше дарынды футболшы ерекше көзге түсіп жүр.
Қазақстан футболындағы ең жарқын жас ойыншылардың бірі. Ол кәсіби мансабын ерте бастап, Қайрат клубының негізгі құрамында тұрақты ойын көрсетуге мүмкіндік алды. Жасөспірімдер лигасында чемпион атанып, ұлттық құрама сапында дебют жасады. Оның ойынына шетелдік мамандар назар аударып, лондондық Челси клубы келісімшарт ұсынды. 18 жасқа толған соң мансабын Англияда жалғастыруы – қазақстандық футбол үшін үлкен жетістік болмақ.
Еуропада өнер көрсетіп жүрген жас қазақстандықтардың бірі. Қазіргі таңда Словакия чемпионатында ойнап, халықаралық тәжірибе жинап жүр. Оның шетелдік клубта өнер көрсетуі – отандық футбол мектебінің сапасын көрсететін маңызды көрсеткіш.
Жас қақпашылардың ішінде ерекше аталады. Ол Қайрат сапында бірнеше маусым тұрақты ойын тәжірибесін жинақтады. Ұлттық құрамаға шақыртылып, халықаралық кездесулерде сенімді ойынымен көзге түсті. Оның шеберлігі қорғаныс шебін нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.
Орта алаңда өнер көрсететін жас талант. Қайрат клубының тәрбиеленушісі ретінде негізгі құрамға дейін көтерілді. Ойын барысында белсенділігімен, техникасымен және тактикалық сауаттылығымен ерекшеленеді. Жастар құрамасында жинаған тәжірибесі оның болашағына үлкен сенім ұялатады.
2025 жыл Қазақстан футболы үшін жаңа мүмкіндіктер кезеңі болды. Клубтардың еурокубоктардағы жетістігі, жас ойыншылардың шетелдік чемпионаттарға шығуы және инфрақұрылымның дамуы – отандық футболдың дұрыс бағытта келе жатқанын көрсетеді. Жас буын футболшылары халықаралық деңгейде шыңдалып, тұрақты нәтиже көрсетсе, алдағы жылдары Қазақстан футболы жаңа сатыға көтерілуі әбден мүмкін. Ең бастысы – жүйелі даму мен жас таланттарға қолдау көрсету.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Жеңіс Құрбыжан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
-
- Виктор Франкл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі