Өлең, жыр, ақындар

Ұйқының құрбаны

    Көп жағдайда адамдар жатын бөлмеге жеткілікті мән бермейді. Біз ұйықтайтын бөлмеде жұмыс істейміз, теледидар көреміз, кейде тіпті тамақтанамыз. Соның салдарынан түнде түрлі ойлар мазалап, ұйқы қашады немесе адам жиі оянып кетеді. Зерттеулерге сүйенсек, 15–30 жас аралығындағы жастардың 80 пайыздан астамы ұйқы режимінің бұзылуына тап болады. Мұның басты себептерінің бірі — ұйықтайтын ортаның дұрыс ұйымдастырылмауы. Ұйқының құрбаны болмас үшін кейбір қарапайым ережелерге назар аудару қажет. Мысалы, жатын бөлме мүмкіндігінше қараңғы әрі тыныш болуы керек. Бөлме үнемі желдетіліп тұрғаны дұрыс. Сонымен қатар жатын бөлмеде гаджеттерді пайдалануды шектеу де ұйқы сапасына оң әсер етеді.

Ғалымдардың айтуынша, ұйқы бірнеше фазадан тұрады. Әдетте ұйқы төрт негізгі кезеңге бөлінеді.

1. Ояу кезең

Бұл кезеңде адамның санасы толық немесе жартылай белсенді күйде болады және сыртқы ортаға жауап бере алады.

Бұл уақытта:

  • ми белсенділігі жоғары болады;

  • электроэнцефалографияда бета және альфа толқындары байқалады;

  • адам ойлайды, сөйлейді және қозғалады.

2. Жеңіл ұйқы

Бұл — ұйқының бастапқы кезеңі. Адам ұйқыға жаңа ғана кетеді және оңай оянып кетуі мүмкін.

Бұл кезде:

  • ми белсенділігі баяулай бастайды;

  • жүрек соғу жиілігі төмендейді;

  • бұлшықеттер босаңсиды;

  • кейде адам құлап бара жатқандай сезімге тап болуы мүмкін.

3. Терең ұйқы

Бұл кезең ағза үшін ең маңызды қалпына келу уақыты болып саналады.

Бұл уақытта:

  • ми дельта толқындарын шығарады;

  • адамды ояту қиын болады;

  • ағзадағы жасушалар қалпына келеді;

  • өсу гормондары бөлінеді;

  • иммундық жүйе күшейеді.

4. Көздің жылдам қозғалысы кезеңі (REM фазасы)

Бұл кезеңде:

  • көз алмасы қабақтың астында жылдам қозғалады;

  • ми белсенділігі ояу күйге ұқсас болады;

  • адамдардың көпшілігі түс көреді;

  • бұлшықеттер уақытша қозғала алмайтын күйде болады.

Ұйқы — адам денсаулығы үшін аса маңызды процесс. Егер адам тыныш әрі қолайлы ортада сапалы ұйықтаса, ағза толық демалып, келесі күнге дайын болады. Мұндай жағдайда адамның жұмыс тиімділігі артып, дұрыс шешім қабылдау қабілеті жақсарады, ал жаңа ақпаратты қабылдау жеңілдей түседі.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Нағашыбаева Арайлым 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз