Тәуелсіздіктің ажырамас тірегі – ана тілі. Тіл – ұлттың жаны, рухы және болмысы. Ол арқылы ұлттың тарихы, мәдениеті мен ерекшелігі көрінеді. Сондықтан тілдің жоғалуы, ұлттың жоғалуына да әкелетіні сөзсіз. Ана тіліміздің мәңгілік көрініс табуы үшін не істеу керек?
Қазақ тілі – өте бай, бізге мұра болып жеткен баға жетпес қазына. Ата-бабамыз осы тіл арқылы салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды. Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – халықтың дүниетанымын, ойлау жүйесін, ұлттық ерекшелігін білдіретін маңызды құрал.
Қазақстанда қазақ тіліне ерекше мән берілген. 1989 жылы 22 қыркүйекте “Тіл туралы” заң қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Ана тілді дамыту үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылды. Мысалы, 2011-2020 жылдарға арналған “Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Бұл – қазақ тілінің қоғамдағы рөлін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде 80 пайыздан астам адам өз ана тілін жетік меңгерген. Бұл көрсеткіш жыл сайын арту үстінде. Мемлекеттік мекемелер, білім орындары мен бұқаралық ақпарат құралдарында да қазақ тілінің үлесі артып келеді.
XXI ғасыр жаһандану дәуірімен тұспа-тұс келгендіктен, көптеген тілдер жойылып кету қаупінде тұр. Еліміздің болашағы жарқын болсын десе, әр адам бұл қадамдарды бірінші өзінен бастау керек. Өз тілін қорғап, дамытуға ерекше көңіл бөлуге әр азамат міндетті. Тілдің болашағы – оны қолданатын халықтың қолында. Егер әр адам күнделікті өмірде ана тілінде сөйлесе, оның мәртебесі де жоғары болары айқын.
Қорытындылай келе, тіл – ұлттың жаны. Тіл жоғалса, ұлттың болмысы да әлсірейді. Ана тілін сақтап, дамыту – әр адамның парызы. Егер тілімізді құрметтесек, еліміздің болашағы жарқын болады. Ана тілі – бәріміздің анамыз. Өйткені ол – ұлтымыздың анасы!
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі