Әйелдер мен ерлер арасындағы жалақаның айырмашылығы

Сіз компанияңызда немесе жұмыс орныңызда ер адамдардың әйел адамдарға қарағанда көбірек ақша табатынын байқадыңыз ба? Мүмкін, сіз әйел болсңыз, сізге сіздің гендеріңіздің себебінен кейбір жұмыстарға бармауға кеңес беріп көрді ме? 

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылы ерлер мен әйелдер арасындағы жалақы айырмашылығы  25%-ды құрады. Яғни, орта есеппен, ерлер әйелдерге қарағанда 25 %-ға көбірек табысқа ие болған. Әрине, бұл құбылыстың бірнеше себептері бар. Басты себептері: 

Біріншіден, бұл басқару немесе жұмыс беруші органдардың саналы немесе саналы емес түрде әйел адамадарды жалақылық дискриминацияға ұшыратуы. 

Екіншеден, әйелдердің көп бөлігінің жартылай жүмыста істеуі. 

Үшіншіден, отбасылық өмірдегі ер мен әйел арасындағы үй шаруасфндағы дизбаланас. Бұл дегеніміз, әйелдің өз мойнына көбірек жұмыс алуы. Осы себеппен жұмысқа жиі бармауы немесе шықпауы. 

Бірақта, еліміздегі гендерлік жалақыдағы айырмашылық әлі де өсу үдерісін көрсетуде. BeWoman Asia 2025 халықаралық форумында мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева  гендерлік жалақы айырмашылығы 21,7%-дан 25,7%-ға дейін артқанын хабарлады.

Неге бұл мәселе маңызды? 

Бұл теңсіздіктің салдары тек жеке адамдарға ғана емес, бүкіл ел экономикасына әсер етеді. Әйелдердің табысының төмен болуы олардың қаржылық тәуелсіздігін шектейді және кедейлік деңгейінің артуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, әйелдердің әлеуеті толық пайдаланылмаса, бұл экономикалық өсімнің баяулауына себеп болады.

Аталған мәселені шешу үшін бірнеше шараларды жүзеге асыру қажет. Біріншіден, компанияларда жалақының ашықтығын қамтамасыз ету маңызды. Екіншіден, әйелдерге мансаптық өсу мүмкіндіктерін тең дәрежеде ұсыну қажет. Үшіншіден, мемлекет тарапынан гендерлік теңдікті қолдайтын саясаттарды күшейту керек. Сондай-ақ, қоғамда әйелдер мен ерлер арасындағы рөлдер туралы қалыптасқан стереотиптерді өзгерту де маңызды.

 


WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз