Қазіргі таңда ақпарат – ең құнды ресурстардың бірі. Кімде нақты әрі жедел ақпарат болса, сол қоғамда ықпалды бола алады. Ал осы ақпаратты халыққа жеткізетін негізгі тұлға – журналист. Сондықтан қазіргі заман журналистерін ақпарат ағынын бағыттайтын, қоғамдық пікірге ықпал ететін маңызды маман иесі деп айтуға толық негіз бар.
Бүгінгі күні журналист тек жаңалық оқып беретін адам емес. Ол – қоғамдағы өзгерістерді бақылап, шындықты іздеп, оны халыққа түсінікті әрі нақты тілмен жеткізетін маман. Журналист қоғам мен халықтың арасындағы көпір іспетті. Оның әрбір материалы белгілі бір мәселені көтеріп, ой тудырып, кей жағдайда қоғамдық пікірдің қалыптасуына әсер етеді. Соңғы жылдары әлеуметтік желілердің дамуы журналистиканың сипатын айтарлықтай өзгертті. Қазір кез келген адам видео түсіріп, пікір білдіріп, өзін ақпарат көзі ретінде көрсете алады. Алайда олардың барлығы бірдей ақпаратқа жауапкершілікпен қарай бермейді. Осы тұста кәсіби журналист пен қарапайым контент жасаушының айырмашылығы айқын көрінеді. Журналист ақпаратты жарияламас бұрын оны бірнеше дереккөз арқылы тексеріп, нақты фактіге сүйеніп қана ұсынады. Бұл – кәсіби журналистиканың басты қағидаларының бірі.
Қазіргі ақпарат ағыны өте жылдам. Бір жаңалық санаулы минуттың ішінде бүкіл елге тарап кетуі мүмкін. Осындай жағдайда журналист үшін тек жылдамдық емес, дәлдік те аса маңызды. Себебі қате немесе тексерілмеген ақпарат қоғамда түсінбеушілік тудырып, адамдарды жаңылыстыруы мүмкін. Әсіресе денсаулық сақтау, саясат, төтенше жағдайлар немесе әлеуметтік мәселелер туралы жалған ақпараттың салдары өте ауыр болуы ықтимал. Сондықтан журналист әр сөзіне, әр дерегіне мұқият қарауы керек.
Қазіргі журналистер жаңа форматта жұмыс істеуге бейімделіп келеді. Бұрын ақпарат негізінен газет, радио және теледидар арқылы тараса, бүгінде сайттар, әлеуметтік желілер, подкасттар, YouTube арналар және қысқа видеолар кеңінен қолданылады. Бұл – аудиториямен байланыстың жаңа тәсілі. Әсіресе жастар ақпаратты ұзақ мәтіннен гөрі қысқа, нұсқа және визуалды форматта қабылдауға бейім. Сол себепті қазіргі журналист тек мәтін жазып қана қоймай, аудиторияның сұранысына сай контент ұсына алуы қажет.
Журналистің қоғамдағы рөлі тек ақпарат таратумен шектелмейді. Олар қоғамдағы өзекті мәселелерді көтереді, әділдікке ұмтылады, халықтың үнін жеткізеді. Кей жағдайда журналистік зерттеулер үлкен қоғамдық өзгерістерге түрткі болып жатады. Бұл журналист мамандығының қаншалықты маңызды әрі жауапты сала екенін көрсетеді. Бүгінгі журналист болу үшін тек жақсы жазу қабілеті жеткіліксіз. Бұл мамандық иесіне батылдық, жауапкершілік, шапшаң ойлау, сауаттылық және шындыққа адалдық қажет. Ақпараттың көлемі артқан сайын, сенімді әрі сапалы мәлімет ұсынудың маңызы да күшейе түседі. Сондықтан қазіргі заман журналистерінің басты міндеті – халыққа нақты, шынайы және пайдалы ақпарат беру.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Такура Асхан
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі